Жүзден жүйрік

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік

Сабақтың мақсаты:

1)  Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3)  Өзін — өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу .

 

Құрметті көрермендер тәрбиелі шарамызғақош келдіңіздер! Алдымен бүгінгі шараның шартымен таныстырайын. Сынып оқушылары өздерінің қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Әр топтың өздерінің ерекшеліктеріне қарай ұрандары бар.

 

1– топ. Алғырлар. 2– топ. Тапқырлар. 3– топ. Ойшылдар.

 

1 бөлім. Топпен таныстыру.

2 бөлім. Ааграмма шешу.

3 бөлім. Мақал – мәтел жарысы.

4 бөлім. Ұйқасын тап.

5 бөлім.  Қайырымдылық  сөзінен бірнеше сөз тудыру.

6 бөлім.   Суреттегі сөздін бірінші әріпінен ғана келетін сөздерден сөйлем құрау .

7 бөлім.  Өнер көрсету .

 

1 . Ақыл – тастан , өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса , халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Сол өнердің жолын қуған,

Біздің топтын атынан,

Қабылданыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды!

 

 

2 .  Ана тілі – асыл үні бабамның,

Қуатымсын ақ сүтіндей бабамның,

Сәби шақтан бесігімде жыр тындап,

Туған тілді жаттап өскен балаңмын.

 

3 .   Бәйгеге түсіп жарыспай ,

Жүйріктің бағы жанар ма ?

Біліммен өнер жарасып,

Тәрбие – тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда.

 

Әр топқа анаграмма шешуге 1 минут уақыт беріледі.

 

1 топқа:

Қыста суды қаптаймын,

Бірақ  жазда жатпаймын.

Алғашқы әріп ауысса,

Онсыз тамақ татпаймын. (Мұз – Тұз)

 

2топқа:

«Т» — дан бастап оқысаң,

Төлі болам пырақтын.

«Т» – ны сызып тастасаң,

Көкте қалған орақпын.           ( Тай – Ай  )

 

3 топқа:

«Қ» — әрпінен бастасаң,

Көмірге ұқсас түрім бар.

«Қ»-ны  сызып  тастасаң,

Жасаймын шөп гүлін бал.    (Қара – Ара)

 

 

 

 

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Терендігі білімнің

Керек екен бәріне – деп , сайыскер топтарды суретке қарап , кез келген тақырыпқа мақал – мәтел құрастыру арқылы тапқырлық танытуға шақырамыз. (Суреттер төмендегі тақырыптар мазмұнына сай бейнеленген) Туған жер, Әдептілік, Білім, Еңбек.

 

Әр топтан  екі оқушыдан шығып  үстелден жабулы карточканы алып, өз тобында әр сөздін ұйқасын табады .

 

1.Өзінше ноян ,                      2. Бата алмас түлкі

Қорқақ кім ?…. Қоян .            Үсті тікен ……     Кірпі .

3.Кезіп жүрген шандақты     4. Аппақ доп тауып ,

Көрдім жаңа … Қанбақты .    Шақырады ақ … Тауық .

5.Жағасында бұлақ.                       6. Дамыл таппай бір мезет,                                    Жайылып жүр… Лақ.                Жортумен жүр сұр…Көжек

Қазір мен тақтаға «Қайырымдылық» сөзін тақтаға ілемін.      Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді көп құраса, сол топта көп ұпай болады. 2 минут уақыт беріледі .

 

Қалам, Қайыр, айыр, май, ай, лай, дара, ара, ылай, дала, қара, қала , қайық , ырым, қылық.

 

Әр топтан бір – бір  оқушы келіп , мына шарды жару

арқылы ішіндегі әріпті алып сол әріпке байланысты сөйлемдер құрайды.

(А, Б, С)  2 минут .

Домбырам екі шекті қолға алайын,

Қайырып, он  екі  алуан ән салайын.

Нұр жауар талапты ерге деген сөз бар

Мен неге бұл өнерден құр қалайын деп әр топ өз өнерін ортаға салады .