Жапырақтар сарғайғанда
Тақырыбы: «Жапырақтар сарғайғанда»
Мақсаты: Оқушылардың өз өнерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік беру.Сахнада өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты
Әдісі: сахналық қойылым, сайыс, ертеңгілік
Барысы:
1-жүргізуші
-Күз адамға берер сыйы мол берекелі мезгілдің бірі ғой шіркін!
2-жүргізуші
-Иә табиғаттың әр мезгілінің орны ерекше ғой!
1-жүргізуші
-Қазақ халқы астық орылып, мал жайлаудан түскеннен кейін шаруаның реттелгеніне қуанып күзде сабан той жасап жатпаушы ма еді?
2-жүргізуші
-Иә сол жақсы дәстүр біздің мектепте де жалғасын тауып жүргендей.
1-жүргізуші
-Олай болса жұртты тойға шақырайық!
2-жүргізуші
-Шақырсақ шақырайық!
1-жүргізуші
-Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші
-Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1,2 жүргізуші бірге:
-Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші
— Уа,халайық,халайық!
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың,
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық
2-жүргізуші
Қар түсіпті асқарларға
Аңызақта қаңбақ жүр
Сабан тойды бастаңдар да
Алтын күзді таң қалдыр!
1-жүргізуші
-Ендеше не тұрыс? Қанеки ортаға бүгінгі кештің қонақтарын шақырсақ!
Күзгі вальс 4 «а» сынып оқушылары
2-жүргізуші
Қауын-қарбыз қазан болды
Бау-бақша мен қырманда тазаланды
Әндетілген құстар даусы әуеленіп
Тарқап кетті соларменен құс базары
1-жүргізуші
Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп
2-жүргізуші
Қамба толды астыққа
Алғыс саған «Алтын күз»
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз
1-жүргізуші
Дұрыс айтасың! Күз мезгілі молшылықтың, берекенің, тоқшылықтың мезгілі емес пе?Олай болса көрермендерімізден сұрайықшы!Күздің кереметтері деп нелерді айтамыз! Күз неге молшылық, тоқшылық айы саналады….
(1-4 сынып оқушыларынан сұрақ-жауап алу)
2-жүргізуші
-Ендеше жемістердің айтысын тамашалаңыздар!
Жемістер айтысы(көрініс) 3 «а» сынып оқушылары
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй демекші күз деген көңілді мезгілде Ақмарал өзіңнен бір ән сұрасақ артық болмас еді!Қалай қарайсыөдар???
Ән:
2-жүргізуші
-Құрметті қонақтар мен оқушылар! Келесі кезекті қызықты да көңілді ойынға берсек қалай қарайсыздар! Ендеше мақал – мәтел айтып, жұмбақтар шешейік!
1-жүргізуші
Сахнаға мен көп мақал білемін, жұмбақ шеше аламын деген батыр оқушыларды шақырайық!
(Сахнаға 4-5 оқушы шығады)
2-жүргізуші
Мына жердегі жемістерде тапсырмалар жазылған, сол тапсырманы дұрыс айтсаңдар жемісті өздеріңе аласыңдар!
1-жүргізуші
Бүгінгі кешіміз өте көңілді өтіп жатқан сияқты.Солай емес пе , Асылжан!
2-жүргізуші
-Дұрыс айтасың, Ақмарал!Өте көңілді өтіп жатқан сияқты
1-жүргізуші
Ендеше келесі ойынды көрермендермен ойнасақ!Ортаға 3 «ә» сыныбынан 2қыз 2ұл бала және 4 «ә» сыныбынан 2 қыз 2 ұл бала шықса.
Ұлдар мен қыздар сайысады. Көздерін жауып «Күз» тақырыбына сурет салады.
2-жүргізуші
Уа, халайық,халайық!
Барша жұртты шақырдық
Би де билеп , ән айтып
Қуаныштан шалқыдық
1-жүргізуші
Уа, халайық,халайық!
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді жабайық!
2-жүргізуші
Осымен «Алтын күз» мерекесіне арналған 3 және 4 сынып оқушыларының дайындаған «Жапырақтар сарғайғанда» атты ертеңгілігі аяқталды:
1-жүргізуші
Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше
1, 2-жүргізуші бірге
Хош сау болыңыздар!