Етістік

Сабақтың   тақырыбы           :     Етістік

Сабақтың мақсаты :     Етістік туралы білетін білімдерін еске түсіру, толықтыру.Оқушылардың өзіндік іс-әрекет дербестігін арттыру.

Есте сақтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.

Білімге деген құштарлықтарын ояту.

Түрі :     Дәстүрлі

Типі :    Қайталау сабақ

Әдісі  :   топтық жұмыс  ,сұрақ-жауап, проблемалық

Көрнекілігі  :    Интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелер

Сабақтың барысы

І    Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру ,түгендеу.

Топқа бөлу.4 түрлі суреттер арқылы .Топпен жұмысты еске түсіру.

Ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, бірін-бірі тыңдау.

ІІ    Үй тапсырмасын тексеру

114-жаттығу .Сызба бойынша  дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін ,жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын салыстыру,ажырату.

Топтарға тапсырма

1.Дәрігермін,2.дәрігерсің.3.дәрігерге,4.дәрігерден.

Бірін-бірі бағалайды.Жалғауларды салыстырады,ажыратады.

  1. 4-топқа ребусты шешу, Жауабы : Етістік сөзі

ІІІ.   Мақсат қою

Олай болса ,бүгінгі сабақта ,етістік туралы білетінімізді еске түсіріп,білімімізді тереңдетеміз.

3.Топтық тапсырма

Етістік туралы білетінімізді еске түсіреміз.

Етістік –заттың қимылын, іс-әрекетінбілдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды? Қайтті?деген сұрақтарпға жауап береді.

2-топ   Етістіктің құрамына қарай бөлінуі. Мысал келтіру.

Етістік құрамына қарай дара,күрделі болып бөлінеді.Дара етістік бір ғана сөзден жасалады. Екі немесе одан да көп сөзден жасалады.

3-топ   Етістіктің мағынасына қарай, құрамына қарай бөлінуі.

Негізгі, туынды етістіктер болып бөлінеді.

4- топ  Етістіктің тұлғасына қарай бөлінуі .

Болымды,болымсыз болып бөлінеді .Мысалы Жаз-жазба,бар-барма, көр-көрме.

Оқушылардың бірін-бірі бағалау.

ІҮ. Білімдерін тексеру

Оқулықпен жұмыс . 2-жаттығу

Аристотель туралы мағлұмат беру.

Әбунасыр Әл-Фараби кім? Білетіндерін ,қосымша материалдарын сұрау.

4.Мәтінмен жұмыс

«Сюжетті таблица» стратегиясы бойынша жұмыс.Таблицаны толтыру.

Кім туралы?
Қандай кітап?Қашан?Әбунасыр әл-Фараби не істеген?Қалай?Нені шарлаған?Не түйдік?

 

Тақтамен жұмыс. Етістіктерді табу,жазу.

Түседі, ақтарып шығады,көреді,оқып қоя салмаған,оқи берген,ашып отырған,шарлаған.

3-жаттығу .жұмбақты оқып жатқа жазу.Етістіктердің дара,күрделі екенін ажырату. Дара етістіктерді,күрделі етістіктерге айналдыру.

Қалқиды-қалқып тұр.Балқиды-балқып жатыр.

5-Топтық тапсырма 4-топқа берілген етістіктерді теріп жазу, дәлелдеу,сөйлем құрау.

Ү   Сабақты қорыту

Бердібек Соқпақбаевтың «Саққұлақ» өлеңінен етістіктерді табу.

7- топтық  жұмыс. Кластер құрғызу.

Етістік туралы не білеміз?

ҮІ Үйге тапсырма  6-жаттығу «Туған жер»тақырыбында әңгіме құрау.

ҮІІ Бағалау Әр топ бойынша