Сан есім
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сан есім туралы ұғымдарын жетілдіру , сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ — жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге, тазалықты сақтауға, жауапкершілікке, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, ассоциация, Венн диаграмасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Сан есімнің ережесі, суреттер, сөзжұмбақ, Венн диаграмасы, саңырауқұлақтардың суреті.
Сабақ барысы
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық.Сәлемдесу
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар ықылас ниетпен
Бас иеміз біз
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу
І топ Зат есім ІІ топ Етістік ІІІ топ Сын есім
ІІ. Үй жұмысы: Кестені толтыр
Осы шақ | Өткен шақ | Келер шақ |
Әр топтан бір оқушы шығып,кестені ауызша орындап береді.Ішіндегі бір сөзге сөйлем құрау.
ІІІ.Ой ққозғау
—Балалар біз сөз таптарының неше түрімен таныстық?
-4 түрі.Зат есім,Етістік,Сын есім ,Сан есім
(Осы тірек сызба бойынша оқушылардан ережесін сұрап шығу)
-Ал,балалар өткен сабағымызда Қай тақырыппен таныстық?
-Сын есім
-Олай болса сын есімнің неше түрі бар?(Сын есімнің түрлерін ережесімен сұрау)
-Балалар экранға назар аударайықшы.Мына берілген көбейту кестесін орындау арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын айқындап алуымызға болады екен.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сан есім.Сан есіммен біз өткен сыныптардан бері таныспыз.Олай болса өткен сабақта өткен сын есім мен сан есімді Венн диаграммасы арқылы салыстырып көрейікші
Енді біз 3 сыныпта өткен Сан есімнің түрлерін еске түсірейікші
—Олай болса бүгінгі күннің ретін жазып ,жаттығу жұмыстарын орындайық.
1 – жаттығу. Жұмбақты оқып,шешуін тап.Сан есімдерді теріп жазып,түрлерін анықтайық
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса
Шешен тіл , сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда , үндемейді адам жоқта. (Домбыра)
-Балалар Домбыра-Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде ән мен күй домбырасы,Торсық,тұмар,кең шанақты (екі нұсқасы),балдырған,балашық,шіңкілдек,аша,үш ішекті,
қуыс мойын,шертер,оркестр домбыралары т.б
2 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз (Домино ойыны арқылы мақалды жатқа құрастырып дәптерге жазу.Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанынсызбамен көрсет).
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
-Балалар осы мақалды құрастыру барысында мен сол мақалдың ішінен бір сөзді алып қалдым.Енді сол қандай сөз екенін тауып,сол сөзді 3 тілде аударуымыз қажет
Бір-один-one
Мың-тысяча-Thousand
Су-вода-water
3 – жаттығу.
Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріңде олардың қандай мүшеболып тұрғанын айт.
Біреу, бес, жетінші.
ІV. Сергіту сәті
«Киелі сандар құриясы» 3, 5, 7 сандары туралы не білесіңдер?
- Оқулықпен жұмыс
4 – жаттығу
- Мәтінді көшіріп жаз, сан есімдердің астын сыз.
- Сан есімдерге сұрақ қойып,қайсысы реттік,қайсысы есептік сан есім екенін дәлелде.
- Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда
VІ. «Көңілді шумақтар» ойыны
І топ ІІ топ
|
Жебір екен бірқазан:
Кейбір жемді бірқазан
Бір – ақ сәтте қойды жеп
|
Күбір етті
«Тойдым», — деп
Естіп бір кез дүбірді,
Жағадағы түбірді
Паналауға жүгірді
ІІІ топ
| |||
| |||
5 – жаттығу
Өзгертпе сөзді (анаграмманы) шеш. Сан есімдерді сөз құрамына талда
Бірінші менің бөлігім —
Шұңқырмын – екі-ақ әріппін.
Екінші менің бөлігім —
Бір түсті жұртқа таныттым.
Екеуін қоссақ жөнімен,
Орасың шөпті онымен.
VІ. Семантикалық карта .
Әр топқа әр түрлі кесте беріледі.Сол кестені толтырып бір оқушы жауар береді
VІІ Аукцион.
1.Жұмбақ. 2.Жаңылтпаш 3.Мақал-мәтелдер
VІІІ. Үйге тапсырма
6 жаттығу. Ребусты шешу.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрастыру
ІХ. Бағалау
р/с | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | 1-ж | 2-ж | 3-ж | 4-ж | 5-ж | Семантикалық карта | Қосымша сұрақ |
1 | Тыныштықбай И | ||||||||
2 | Төремұратов Д | ||||||||
3 | Төлепберген А | ||||||||
4 | Аманжол Ғ | ||||||||
5 | Шаханова А |