Ондық бөлшектерді қосу және азайту

ШҚО, Семей қаласы

КММ «№19 жалпы орта білім беретін метептің»

математика пәні мұғалімі

Утегенова Маулиза Кабировна

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін  дамыту.

Оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд-презентация, бағалау парақтары, таратпа қағаздар

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Білімді бекітуге дайындық кезеңі.
  4. Білімді бекіту
  5. Үйге тапсырма
  6. Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстыру.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыздың ұраны «Бәрін білгім келеді!» деп аталады. Бұл сабақта ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылап қана қоймай, жануарлар мен өсімдіктер әлемінен қызықты мәліметтермен таныс боласыңдар.

 

Білімді бекітуге дайындық

  • Ауызша өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.
  • «Оқылуына сәйкес санды тап» (сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)
  • «Кім қырағы?» (тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет)

 

   

Білімді бекіту кезеңі

  • «Сандарды салыстыр» (оқушылар дәптерлеріне орындап, интерактивті тақтадағы жауабымен тексеріп, бағалау парағына өзіне баға қояды)
  • «Бәрімізге бір амал» (деңгейлік тапсырма)
  • «Көзге жаттығу»
  • «Нүктелердің координаталарын тап»
  • «Сен білесің бе?» (блок — схемадағы есепті шешу)
  • «Әлемдегі ең үлкен гүл»
  • «Өзіңді тексер» (оқушы өзіндік жұмысты орындап, тақтадағы жауабымен тексеріп, өзіне-өзі баға қояды)

 

 

 

Үйге тапсырма: № 1073, 1074

Қорытындылау.