Қосу мен азайту 26+30, 56-30

Пән: математика

Сынып: 2

 

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30, 56-30

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру;

  1. Дамытушылық. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
  2. Тәрбиелік. Оқушыларды есептерді шапшаң, тез шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:              І  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Бекіту кезеңі

V  Қорытынды

Сабақтың барысы:              

I Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Тірек білімді еске түсіру

  а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)

-Саннан (28, 43, 54) кейін  келетін санды ата.

-Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.

-Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

-Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

-Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

-Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, …, 40).

-Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

ә) Зейінділікке есеп.

Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

 

III Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы  суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

         Ондықтарды ондықтардан азайтады.

№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30).

Мысалы:

-53 және 30 сандарының қосындысы;

-Бірліктерге бірліктерді қосу;

-Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;

-Ондықтарды ондықтарға қосу;

-Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;

-Қосындының мәні 83.

Сергіту сәті

 

№3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

 

ІV Бекіту кезеңі

№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.

Болғаны-?                               12                                                12

Бергені-2қ.                              2                                                  ?

Қалғаны-10қ.                          ?                                                  10

10+2=12(қ)                             12-2=10 (қ)                                 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды.             Жауабы: 10қ қалды.                   Жауабы: 2қ берді.

 

№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.

 

Рефлексия.Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы. 57-бет. №6