«Мәңгі жасар өмір.» Т. Кәкішев

Сабақтың  тақырыбы«Мәңгі  жасар  өмір.»  Т.  Кәкішев

Мақсаты :  1.   С.  Сейфуллин  туралы  оқушылардың  білімін  толықтыру.  Әңгіменің  негізгі

ойын,  идеясын  ашу.

  1. Оқушылардың тілін  дамыту,  сөздік  қорын  молайту,  ойлау,  көру,  сезіну,

қабылдауын  дамыту.

  1. Халық жүрегінен   мәңгі  орын  алған  адамдарды   құрметтеуге,  елін  сүюге

тәрбиелеу.

Типі:   Жаңа  білімді  игеру.

Түрі:   Интеграциялық  сабақ.

Әдісі:  Сұрақ – жауап, СТО, мәнерлеп  оқу,  мини – тест.

Көрнекілігі:  оқулық,  естелік  кітаптар, суреттер, топтау,  бейне  таспа.

Пәнаралық  байланыс:  музыка,  тарих.

Сабақтың  барысы:    1.  Ұйымдастыру  кезеңі.

а)  Қызығушылығын  ояту.

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

«Күлпаш»  Б. Майлин

Экранда  сұрақтар  жазылған  арқылы  қайталап  қортындылау.

1.Сөйлемді  толықтыр.

Қазақтың  аса  ірі  …  .  Ол …..  облысы,  ……  ауданында  туған.  Кейін  ….  қаласындағы  «…..»  медресесінде  білім  алған.

2.Әңгіме  кейіпкерлерінің  сыртқы  бейнесін  сипатта.

1 – қатар  «Күлпаш бейнесі»

2—қатар  «Қали бейнесі»

3 — -қатар  «Мақтым бейнесі»

III. Жаңа материал бойынша жұмыс.

  1. Ой қозғау.

«Мәңгі жасар өмір»-тақырыбын ашу барысында,осы сөйлемнің  қандай мағына беретіні туралы сұрақтар беріліп,оқушы пікірі тыңдалады.

 

 

«Мәңгі  жасар өмір» дегенді қалай  түсінемі

 

2.Мәтінмен жұмыс.

а) Сөздік жұмысы жүргізіледі.  Оқушыларға мәтіннің әр бөлімін тізбектей оқыта  отырып  талданады.

Мәтіннің   I  бөлімі бойынша топтау стратегиясы   құрылаады.

Қарағанды  облысы  Жаңақоған                                                               Әдебиет  зерттеуші

қамқоршы                                 Сәкен  Сейфуллин                         ақын

Жазықсыз  жала   жабылған

жазушы          «Туған  ел»  өлеңімен  таныстық

 

 

Осы бөлімді оқи отырып , «ақталған», «халық жауы»т.б сөздерге мектептің тарих пәнінің мұғалімі  Толқын———— әңгімесі тыңдалып,сол кездегі тарихи жағдайларға шолу жасалады.

Мәтіннің II бөлімін оқи отырып,талданғаннан кейін «Тау ішінде» әні музыка пәнінің оқытушысы  Ә.Нұрғалиеваның орындалуында тыңдалып,мазмұны ашылады.

Мәтіннің  III бөлімін оқи отырып,талданады.Қазақ халқының  елім, жерім, тілім деп Отан үшін өз өмірлерін қиған тамаша адамдар жайлы айтылып,мәңгі жасайтын адамдар тізбегі құрылады.

Оқушылар  кімдердің мәнгі жасайтынын туралы дәптерлеріне жазып,неліктен екенін ауызша айтып түсіндіріледі.

III Сабақты қорытындылау мини –тест экранда сұрақтар беріледі.оқушылар  жауаптарын дәптерге жазады.

Гүл күлтесін  толтыру.

Қазақ  халқының мақтанышына айналған есімдерді жаз.

  1. Б ағалау. Әр оқушы өзіне-өзі баға қойып,неге осындай баға қойғанын атап өтеді.
  2. Үйге тапсырма:

Әңгімені оқып,мазмұндау.

Абай ауданы,Қарауыл ауылында «Мәңгі жасар өмір» тақырыбында келетін кімдерді білесің?Неліктен екенін ізденіп жазып келу.