Астанаға саяхат.
Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Мақсаты:1 Білімділік: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу,қалалар жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, қалалар туралы өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін , шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар туған Отанын, елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу , отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Міндеттері:
— тақырып бойынша білімдерін кеңейту;
— мәтін ішінен негізгілерін тауып, айта білуге, тақырып бойынша сөйлем құрастыру және тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ;
— сөйлемде сөз тәртібін сақтауға үйрету;
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу, іздену, жинақтау.
Сабақ көрнекіліктері:Суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 4 мин) 1.Оқушылармен амандасу
— Сәлеметсіңдер ме, балалар.
— Көңіл – күйлерің қалай? 2. Сабаққа дайындық деңгейін тексеру
ІІ.Үй жұмысын слайд арқылы тексеру.
ІІ Негізгі кезең (8 мин). Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Ой қозғау стратегиясы:
1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар.
5. Қазақстанның астанасы қай қала?
\6. Астана қандай қала?
7. Астана қаласының символы не?
8. Астана қай өңірге жатады?
Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
— Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана қаласы туралы.
— Сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер?((- Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Астанаға саяхат» деп аталады.
Оқушыларды үш топқа бөлу: 1 –топ «Байтерек» 2 –топ «Астана» 3 –топ «Қазақстан»
Әр топ өз атауына байланысты ассоциация жазады.
Оқушыларға бағалау парақтары таратылып, толықтыру ережесі түсіндіріледі
ІІІ.Мәтінмен жұмыс:
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан . Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана – болашағы үлкен қала. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.
Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. Құрылыстың биіктігі 97 метрді құрайды . Алтындатылған шардың көлемі – 22 метр. Онда кафе, аквариумдер, «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.
Мәтінді мәнерлеп, оқу, бейтаныс сөздері бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.
Сөздік арқылы аудару.
А) Мәтін бойынша сұрақ дайындап, сұрақтарға жауап беру. 1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?
3.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?
4.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?
Ә)«Атыс» әдісі бойынша оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.
Б) «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны арқылы мәтіннің мазмұның айтады. Оқушылар шеңберге тұрады, ортада жүргізуші көзін жұмып, кез-келген ойыншыға нұсқайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.Мәтін қайта оқылады.Жауаптарында қате кеткен сөйлемдер түзетіледі, әңгіме қайта толықтырылады. Ең белсенді қатысқан топ жеңімпаз аталады.
Мәтінмен жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарына бағаларын қояды.
Б) Мәтінді пайдаланып Астанатақырыбына диалог құрастыру.
ІҮ.Бекіту тапсырмалары ( 15 мин)
Тақтамен жұмыс: Сандарды сөйлет
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Апта | Күні: 22 желтоқсан 2014ж | Сыныбы:4 «Б» | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астанаға саяхат | |||||
Жалпы мақсаты
| 1 Білімділік: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, қалалар туралы өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін , шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылар туған Отанын, елін, жерін сүюге , құрметтеуге тәрбиелеу , отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру | |||||
Күтілетін нәтижелер
| Өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге үйренеді,дүниетанымы,сөздік қоры дамиды,өз бетімен ,топпен жұмыс жасайды. Өз Отанына, еліне сүйіспеншілігі артады . | |||||
Сабақ әдісі | Сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу, іздену, жинақтау. | |||||
Сабақ түрі | Қорытыңды сабақ, топтық ,жұптық жұмыс, бағалау, АҚТ-мен жұмыс. | |||||
Тапсырмалар
| Сұрақ-жауап, кластерлік топтастыру. | |||||
Керекті жабдықтар | бағалау парағы, интерактивті тақта, А3,стикер,маркер, суреттер | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Тапсырмалар | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Кіріспе
| 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру | Оқушылар мұғаліммен амандасып орындарына отырады.( 1 мин | Оқулық, дәптер, сөздік | |||
Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Мағы-наны тану | Сұрақтар: 1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады? Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады? Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Астанаға саяхат» деп аталады. Қазір бәріміз Астанаға барамыз. Алдарыңызда поезд билеттері бар. Ал енді оқушылар әрі қарай жұмыс жасау үшін біздер үш топқа бөлінуіміз керек. Бәйтерек Астана Қазақстан
Үй жұмысын тексеру Оқушыларға бағалау парақтары таратылады және оны толтыруды түсіндіремін Әрі қарай жұмысты мәтінмен жалғастырамыз, мәтінді үш бөлікке бөлемін Топтық жұмыс
Ойын «Атыс»
Дәптермен жұмыс
Жұптық жұмыс
Қорытынды
Рефлексия |
Әр топ өзінің атауына ассоциация жазады
Әр топ мәтіннің бір бөлігін оқып,аударады,талдайды. Әр топ кластер арқылы мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады
Әр оқушы мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып, стикерге жазады
Астана, Бәйтерек,Қазақстан сөздерін тәуелдеу
Мәтінді пайдалана отырып диалог құрастыру
Әр топ Астана сөзіне синквейн құрастырады
Екі жұлдыз, бір тілек | Оқушылар тақтадағы сұрақтарға жауап береді (3 мин)
Оқушылар сабақтың тақырыбын өздері тауып айтады
Үш топтан бір-бір оқушыдан дауыстап,мәнерлеп оқып шығады. ( 2мин)
Топ жетекшілері үй жұмысын тексереді
Топтағы оқушылар бірлесе отырып кластер толтырады.Ынты-мақтастық орнатады.Әр топ кластерді қорғайды.(8 мин)
Әр топ кластерді қорғайды
«Атыс» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді
Слайд арқылы тексеру
Топтан екі оқушы диалогты оқып, қорғайды
Тақта алдында әр топ өз жұмыстарын оқиды
|
слайд арқылы тексереміз
Бағалау парақтарын толтыру
Бағалау парақтарын толтырады
Оқушылар бірін-бірі бағалайды | 1 слайд
2 слайд
3 слайд
А3 кластер толтырады
| |
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыз! | Үйге тапсырма беру | слайд | ||||