Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мақсаты: 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату,сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу,

таза,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

  1. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  2. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі:   бекіту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,сипаттау, ойын

Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест,кестелер,

                        дидактикалық  материалдар.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі

2 Үй жұмысын тексеру:169-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерден болған Баяндауыштардың астын сыз.Оларға қандай сұрақ қойылады? Жаттығуда аты аталған адамдар туралы білетініңді әңгімеле.

            Шерхан Мұртаза – халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин-ақын.Күләш Байсейітова-атақты әнші.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Сатылап талдау (Оразақынова әдісі бойынша)

 

Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш

                                           Сұрағы

 

Баяндауыш

Сұрағы

 

 

2-де зат есімнен болса сызықша қойылада

 

4 Каллеграфиялық жұмыс.

 

 

5 Оқулықпен жұмыс: 170-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.Бастауыштан кейін сызықшаны қойып көшіріп жаз.

 

Отан- туған үйіміз

Отан- туған жеріміз

Отан-ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Баяндауыштарды тап, оларға сұрақ қой.

 

6 Сергіту сәті:

 

Торғай-торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып –ап

Бөтегесі томпайып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

 

  1. «Менің бағытым ойын» ойын ойнау

 

 

1 Оқушы                                    биледі

2 Әнші                                       өсті

3 Балалар                                  оқыды

4 Гүл                                          шырқады

5 Биші                                       ұшты

6 Ұшақ                                       жүзді

7 Кеме                                       ойнады

 

 

 

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс: 174-жаттығу.Көп нүктенің орнына бастауыштарын қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

                 ………аттанды.  ………..сауылды. …………сабақ оқыды. ………… тегістелді. ………………орындалды.

 

  Керекті сөздер: сиыр,тапсырма,жер, Жанар, жолаушылар.

 

  1. Слайд. Өлеңді жатқа жаз. Бастауыштың астын бір рет,баяндауыштың астын екі рет сыз.

 

 

                       

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 Қорытынды:         Тест

 

1 Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгімүшесін:

А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

 

2 Қандай жағдайда сызықша қойылады?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса

Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса

Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса

 

3 Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз  Б)Сөз дейміз

 

4 Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? Не?кімдер?нелер?   Ә)Қандай?қай?    Б)Не істеді? Не қылды?  Қайтты?

 

5Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөді тап:

А)Етістік         Ә) Зат есім                 Б)Баяндауыш

 

 

6 Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай?қай?      Ә)неше?нешіші?         Б)Кім? Не?кімдер?нелер?