Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару
Математика
Тақырыбы: Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.
Мақсаты: 1) теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау, есептерді теңдеу
құру арқылы шығару;
2) ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын,
ойын арқылы танымдылық қабілеттерін, логикалық ой-өрістерін
дамыту;
3) Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан
қымбат екенін тұсіне білуге және тиянақтылыққа, шапшандыққа,
үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу, Оқушы бойына адамгершілік
қасиеттерін енгізу.
Көрнекіліктері: ребус, слайдтар, карточкалар, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгімелесу, қорыту.
Түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- оқу құралдарын тексеру;
- психологиялық дайындық: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен
алып сендерге сыйлаймын.
- Жер бетінде ең ақылды кім?
Сендер де адамсыңдар, сендер ең күшті, ақылды, зерексіңдер. Ендеше, біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды «Миға шабуыл» деген кезеңмен бастайық.
Слайдпен жұмыс:
1 м= дм ені 2 см; ұзындығы 4 см Р-?
1 м= см Р =
1 дм= см Р =
1 км= м Р =
S=
Логикалық тапсырмалар:
1) Уақыт бірліктерін салыстыру:
50 мин.*1 сағ. 2 сағ.*46 мин.
45 с.*4 мин. 36 с.*5 мин
3 тәул.*35 сағ. 20 сағ* 2тәул.
1 ғасыр*100 жыл 110 с.*1 мин.50 с.
2) 5 бұтақты қайында
Бұтақ сайын 5 алма.
Біреуін бер Әділге,
Сонда қалады неше алма?
Аспаз шұжықты 4 рет кесті. Шұжық неше бөлікке бөлінді? (5 бөлікке)
3) Суретте неше үшбұрыш бар?
Амалдарын көрсет:
(126:4+12):2*3
-аптада неше күн бар?
-заттарды бөліп алуға қандай амал қолданылады?
Математикалық диктант:
-Өрнек түрінде жаз:
А) 760-тың 76-ға бөліндісін 10 есе кеміт;
ә) 240 пен 360-тың қосындысын 60-қа бөд;
б) 18-дің 5-ке көбейтіндісінен 36-ның 4-ке бөліндісін азайт.
Жаңа сабақ:
Жаңа тақырыпқа көшу үшін мына сөзжұмбақты шешейік:
1.қөпбұрыштың қабырғаларының қосындысы;
2.Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңқу, еңқу жер шалмай… деп жырлаған ақынның аты?
3.2-ші жақ тәуелдік жалғау;
4.ұзындықтың 4 өлшем бірлігі;
5.сандар мен амалдардан құрастырылған жазу;
6.шығыстың жаңа жылы.
-ортасында қандай сөз шықты?
-теңдеу дегеніміз не?
Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.
Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты:
Слайд:
Тақырыбы: Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.
Мақсаты: 1) теңдеу және оны шешу тәсілдерін қайталау, есептерді теңдеу
құру арқылы шығару;
2) ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын,
ойын арқылы танымдылық қабілеттерін, логикалық ой-өрістерін
дамыту;
3) Қазақстанның болашағына деген сенім және білімнің әрқашан
қымбат екенін тұсіне білуге және тиянақтылыққа, шапшандыққа,
үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу, Оқушы бойына адамгершілік
қасиеттерін енгізу.
Түсіндірме жұмысы:
Оқушыны тақтаға шығарамын:
Өрнек түрінде жаз:
-10 мен 3-тің көбейтіндісін;
-х пен 3-тің көбейтіндісін;
-47 мен 17-нің айырмасын.
-Неше өрнек жаздық? Олар қандай өрнектер? Осы өрнектердің әрбір екеуін теңдік таңбасымен жалғастырып жаз.
10*3=х*3
Х*3=10*3
Х*3=47-17
47-17=х*3
47-17=10*3
10*3=47-17
-Барлығы неше теңдік жаздық? Оларды неше топқа бөлуге болады?
Санды теңдіктерді бір бағанағ, құрамында әріп бар теңдіктерді екінші бағанға теріп жазыңдар.
-Енді осы теңдіктер тура болып табыла ма, соны тексерейік:
47-17=10*3
10*3=47-17
Теңдіктің екі бөлігіндегі амалдарды орында. Көбейтіндінің мәні неге тең болды? 30. Айырманың мәні ше? 30.Тура теңдік шықты ма? Иә.
30=30 – тура теңдік, оның екі бөлігін де 3-ке бөлейік, сонда 10==10 теңдігі шықты. Бұл да тура теңдік. Оның екі бөлігін де 2-кебөлейік, сонда тағы да 5=5 түріндегі тура теңдік шықты.
-берілген теңдіктерді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәнін табу керек болса, онда теңдіктердің әрқайсысын теңдеу деп атауға болады.
Теңдеу дегеніміз:
Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік.
Оқулықпен жұмыс:
№4 бет-111 (4 оқушы)
Х*10=1600+200
96800:х=5840-5740
Х*5=630
984:х=4
№5 бет-111
Екі қабырғасы 2 см;
Үшінші – х см,3 есе арттырғанда
Р-? өрнек түрінде жаз
Сергіту сәті:
Ағылшын тілінде:
Оқулықпен жұмыс:
№7 бет-112: қысқаша жаз
Б.- 30м/с
Шешуі: 30-10=20м/с
Л.- ? м/с,10 м/с артық
Б. -30 м/с
Л. – х+10 м/с
Шешуі:
Х+10=30 х=20
Жауабы: лашынның жылдамдығы 20 м/с
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгейдегі тапсырмалар:
607 238 820 4
*4 *8
2-деңгейдегі тапсырмалар:
1) амалдарды орында:
(210+90)L60-57) =
2) теңдеуді шешу:
1344:х=543-487
3-деңгейдегі тапсырмалар:
1) теңдеуді шешу:
38600*х=190-90
2) амалдарды орында.
(14084:28-27)*37-12060
3) Р-?
S-?
Ені 6 см; ұзындығы 5 см
Оқулықпен жұмыс:
№9 бет-112
Мозаика құрастыру:
Әр есеп күннің көзі
Қорытынды:
-Балалар, біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық, қандай тапсырмаларды орындадық?
«миға шабуыл», математикалық диктант, теңдеулерді шештік, деңгейлік тапсырмаларды орындадық, есеп шығардық, мозаика құрастырдық.
Сонымен тақтаға нені құрастырдық?
Күнді.
-Күн жайында не айталамыз?
Бізге жылу береді, шуағын төгеді, күн – тіршілік көзі.
Аспанды бұлт торламай, әрқашан төбемізде күн жарқырап тұрсын дей отырып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен орындаймыз.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
№4; №9 бет 112
Рефлексия:
Қызыл – сабақ өте ұнады
Жасыл – сабақ ұнады
Сары сабақ ұнамады