4 санын қосу және азайту.(Бекіту сабағы)
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.(Бекіту сабағы)
Сабақтың мақсаты: а) 2-4 сандарының қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдерін бекіту.Қалдықты табуға және есепті шығаруға үйрету.
ә)Ойлау, есте-сақтау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
б) Геометриялық фигураларды танып білуге, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: фигуралар, доптар, мысалдар тізбегі, ауызша есептер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Құрметпенен сәлем бердік біз!
(сабақтың мақсатын хабарлау)
ІІ.Қызығушылығын ояту
1.Ауызша есептер
(оқушылар өрнектерді оқып, мәнін табады.Оқушыларды 4 топқа бөліп, ауызша есептерді жеке-жеке оқыту)
2.Жұмбақ есептерді шешу.
Маратта бар екі іні, Он асықтың алтауын,
Мұратта бар екі іні. Досың сұрап алады.
Қоссақ екі мен екіні Айтшы сонда нешеуі
Неше болады шешуі? (2+2=4) Өз қолыңда қалады? (10-6=4)
Алма ағашта бес алма Егер «Т»-дан бастасам,
Қандай тәтті жесе алма Математикалық санмын
Жеп қойсам оның біреуін «Т»-ны алып тастасам,
Қалады сонда неше алма? (5-1=4) Тілсіз жаумын (төрт, өрт)
Ақеркеде 3 қызыл және 1 жасыл шар бар.Ақеркеде барлығы неше шар бар? (3+1=4)
-Қандай санға байланысты жұмбақ шештік? (4 санына байланысты)
ІІІ. Мағынаны тану
-Бүгінгі сабағымызда 4 санын қосу және азайту тәсілдеріне байланысты тапсырмалар, есептер шығарамыз, орындаймыз.
І.Оқулықпен жұмыс
1) №1 тапсырма
Сайқымазақтар амалдар мен сандар жазылған доптар мен жаттығу жасайды.Сол жаттығуды жасауға біздер де көмектесеуіміз керек.
-Доптардан ең үлкен, ең кіші сандарды табу.Қосымша доптардан өрнек құрастыру.
№2 тапсырма Есеп
Шартын оқу, талдау, қысқаша белгілеп, шығару.
Аулада 9 бала ойнап жүр еді.4 бала түскі тамақ ішуге кетті.Аулада неше бала қалды?
Аулада жүргені – 9 бала
Кеткені – 4 бала
Қалғаны — ?
Шешуі: 9-4=5
Жауабы: Аулада 5 бала қалды.
2) №5 Оқулықтағы №5 тапсырманы орындаймыз.
Суреттер қандай фигуралардан тұрады.
1 сурет – күн (дөңгелек, сәуле, түзу)
2 сурет – гүл (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сәуле)
3 сурет – шырша (үшбұрыш, төртбұрыш)
4 сурет – саңырауқұлақ (үшбұрыш, төртбұрыш)
Қосымша фигуралардан бейне құрастыру
І топ – машина
ІІ топ – балапан
ІІІ топ – үй
ІV топ — қайық
3) №3 Топ басшыларына беру
І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ
9>9-1 3<3+4 6>6-4 7<7+3
8-2<4+3 7+2=10-1 6-3<8-3 9-2>8-2
Орындарында отырған оқушылар дәптердегі №3 тапсырманы орындайды.Бояудың орнына белгі қойып отыру
5+2=7 3+4=7
7-4=3 1+2=3
8-2=6 8-2=6
3+1=4 8-4=4
4) Сурет бойынша өрнек құрастыру, мәнін табу.Дәптерге орындау.Қосынды айырма құрау.
5-2=3 5+1=6 3+1=4
ІV.Толғаныс
1.Мысалдар тізбегін орындату
2 |
4 -3 +1
Қандай санның қосу және азайту кестесімен таныстық? 4
Ендеше 4 санынынң қосу кестесін есімізге түсірейік
4 |
6-2 |
5-1 |
2+4 |
1+4 |
3+4 |
9-5 |
4+4 |
5+4 |
6+4 |
Ненің бейнесі шықты? Күннің
-Күн өзінің сәулесін шашып, жылуын барлық әлемге таратады.
-Сіздердің болашақ өмірлерің күннің сәулесі сияқты жарқырай берсін.
-Білімдерің күннің шашағындай жайылып, тола берсін!
V.Мадақтау
Бүгінгі сабақта жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
ІV. Бағалау
Осы сабақта өз білімдерімен, зеректілігімен тиянақтылығымен көзге түскен оқушыларды бағалау.