Спорттық бұйымдарды бейнелеу
Пәні: Бейнелеу өнері Класы: 3 «А»
Тақырыбы: Спорттық бұйымдарды бейнелеу
Мақсаты:
Оқушылардың бейнелеу сабағында да «Дамыта оқыту технологиясы»
арқылы сурет салатындығын көрсету.
Білімділік: Бейнелеу сабағы арқылы оқушылардың дене шынықтыру сабағына
деген белсенділіктерін арттыра отырып, сол сабақта қолданылатын
құралдарға тоқталып, олардың пайдасы мен зиындылығы туралы
білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Эстетикалық талғамдарын арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, логикалық
ойлауларын дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, Әдебиеттік оқу, Дене шынықтыру, музыка.
Сабақтың әдісі: Сөздік әдіс (түсіндіру, сұрақ-жауап)
Практикалық әдіс (сарамандық жұмыс) сурет салу
Көрнекілік әдіс (интерактивті тақта)
Сабақтың барысы:
I.Алғашқы ұйымдастыру
а) Оқушыларман амандасу, түгендеу;
ә) Сабақтың ерекшелігіне тоқталу;
ІІ. Ескіні жаңарту;
а) Портрет
ә) Пейзаж
б) Натюрморт
«Портрет» — кебет адамның бет пішінін бейнелеу
«Пейзаж» — табиғат көрнісін бейнелеу
«Натюрморт» — «мертвая натура» деп француз сөзінен аударған қозғалмайтын
жаратылысты немесе жансыз заттарды бейнелеуді айтамыз.
ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау
- 88 беттегі құралдардың суретін тақтадан көрсету;
- Бұлар да жансыз заттар, бірақ натюрморт емес;
- Бұл спорт құралдары;
Шынықсын деп денеміз.
Шаңғы, коньки тебеміз.
Допта ойнап, секіріп,
Денсаулықты күтеміз.
- Қай пән туралы сөз болып тұр?
- Онда, бүгінгі жаңа тақырыбымыз
Спорттық бұйымдарды бейнелеу
ІV. Кіріспе
Спортпен шұғылданып, жастарға қатысып, дәрежелі орындарға арнайы сыйлықтар, спорт шебері белгісі беріледі. Осындай жарыстар үшін спорт ойындары ұйымдастырылады. Оларға спорттық бұйымдар қажет. Спорт ойындары адам өміріне пайдалы. Қарпайым доп ойнаудан бастап жүгіруге дейінгі спорт түрлері 1 сыныптан таныс. Әрбір спорт түрімен жаттығуда әрқайсысына лайық киім, құрал-юабдықтар пайдаланамыз.
Сондай құрал-жабдықтар, бұйымдардың суретін бейнелеу. Ненің суретін бейнелейтінімізді табайық.
1 қатар: «Футбол» туралы мәнжазба; Суретін көрсетіп отыру.
«Манчестер», «Милан», «Челси», «Барселона», «Зинет», «Тобыл-Ақтөбе»
- Жақында матч өтті. Ақтөбе кубок жеңіп алды.
- Ақтөбе ФК-нан 1-2 ойыншы атап бере аласыңдар ма?
- Хайруллин, Богомолов
2 қатар: «Ұлттық ойындар» суретін көрсетіп отырып
«Хан талапай», «Ақсүйек», «Теңне ілу», «Орамал тастау»
Керекті құралдар: асық, сүйек, теңге, орамал.
3 қата: Секіргіш, доп, штанга, гір, шаңғы, коньки, шашка, шахмат, гантель,
тоғыз құмалақ, хоккей таяғы, шар, волан, целлуоид доп, ракетка.
- Осы жерде Н.Ә.Назарбаевтың теннис ойнап жатырған суретін шығару.
- Кім?
- Қандай спорт түрі?
- Тениис, Бадминтон ракеткаменмен ойналады.
Үстел теннисі. Үлкен алаңда ойналатын теннис
Теннис ойнайтын адам – карт деп аталады. Теннис ойнау ептілікті, шапшаңдықты, көзбен мөлшерлеуін шыңдайды.
Ракетка Доп немесе волан
(ағаш жеңіл металл) (резинажан жасалып, версиялы матамен қапталады)
93-94 беттегі сурет бойынша түсіндіріледі.
- Ендеше ракетка мен добының суретін салайық
- Сарамандық жұмыс.
А) Альбомды тігінен қолдану
Ә) Қағаз бетіне ұйымдастыруды ойлау
Қарындашпен жеңіл сызып.
VІ. Тақтаға салып көрсету.
VІІ. Қағаз бетіне салып көрсету.
VІІІ. Дайын сурет көрсету. Суретті бояту. Сурет кепкенше.
ІХ. Тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастыру.
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ баламыз,
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ барамыз.
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ есейіп,
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ боламыз.
Мақтан етемін | Өкінішті |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың спорттың осы түрімен шұғылданатындығын мақтан етемін. | Біздің мектепде спорттың бұл түрі өте жақсы дейгейде өтпейтіндігі. |
Х.
ХІ. Үйге тапсырма.
- Балалар, менің бір-бір жаңа ертегі оқйып келеміз.
- Келесі сабақта ертегі кейіпкерлерінің суретін саламыз.
ХІІ. Бағалау.
- Балалар, менің суретімде барлығы анық салынған, бояулы, қанық, сурет таза, өшірілген жер аз. Мен суретімді өте жақсы деп бағалаймын да жоғарыға ілемін.
- Суреттеріңе жақсылап қарап алыңдар да қандай дәрежеге сәйкес сол тұсқа іліп, өздеріңді бағалай қойыңдар.
Өте жақсылар іледі