Жаңа дыбыспен таныстыру. Д д дыбысы.
Пәні: Сауат ашу . Класы: 1 «Ә»
Тақырыбы: Жаңа дыбыспен таныстыру. Д д дыбысы.
Мақсаты:
Оқушыларды жаңа Д д дыбысымен таныстыра отырып, тілін дамыту,
өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы:
I.Алғашқы ұйымдастыру
а) Оқушыларман амандасу, түгендеу;
ә) Сабақтың ерекшелігіне тоқталу;
ІІ. Өткен сабақы еске түсіру.
а) «Ы» дыбысын қайталату мақсатында «ы» дыбысынан басталатын қимылды білдіретін сөдер айтқызу. Мысалы: ырымдар, ысқырды.
ә) Буын жасау
б) Сөз жасау
шы- , сы- , — лы — , — ыр .
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
Жаңа дыбысты таныстыру үшін жаңылтпаш қолданылады.
Доп, доп
Топ, топ
Доп жоғалды
Доп жоқ
Тап, тап
Көп қайталанып тұрған сөзді таптыру. Жаңылтпашты қайталату.
Доп сөзін айтқызы отырып, д дыбысының орнын анықтау, сөз басында, ортасында көп кездесіп, сөз соңында тек орыс тілінен енген кейбір сөзде ғана кездесетінгін ұғындыру.
Д д — [д] – дауыссыз, ұяң дыбыс.
а) Дидактикалық ойын «Буынғы буын қос»
да – дауылпаз, д – домбыра, ду – дуадақ.
ә) Бағандағы сөздерді оқи отырып, мағынасын ашу.
б) Д д әрпінің бастама түрін ауада жазып көру.
д) 1. «Хан талапай» ойыны немен ойналады?
- Ал волейбол ше?
- Тағы доппен ойнайтын қандай ойын түрлерін білесіңдер
ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқу түрлерін жүргізу.
а) Тізбектеп оқу
ә) Хормен оқу
б) Түртіп оқу
- Дәптермен жұмыс
а) Қолды еркін жазуға жаттықтыру.
ә) д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып көрсету.
б) Д д әрпімен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазу. Дыбыстық талдау жасау.
в) Ұйқасты тап ойыны:
Да – да – да ілгегіңді _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Дыр – дыр – дыр ойынды үйге _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
VІ. Сергіту сәті. Поыз, паравоз ойыны.
Ду – ду – ду! Дүк – дүк!
Пойыз келеді.
Ду – ду – ду! Дүк – дүк!
Бәрі жол береді.
а) Кластағы оқушы аттарын атап шығып, үлкен, бас әріппен басталатынын меңгерту.
ә) Солардың ішіндегі сабаққа жақсы қатысқанын мажақтап, аттарын тақтаға жазу.