Әліппе, саған мың алғыс!

Әліппе, саған мың алғыс!

Шаленова Әлия Әйткенқызы

№ 26 жалпы орта білім беретін мектеп

ШҚО, Семей қаласы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
  2. Ата-аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
  3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ана-тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу.

Көрнекілігі:

«Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер.

 

Барысы:

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы — «Әліппемен қоштасу» . Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар.  Сонымен «Әліппе, саған мың алғыс!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!

Сұрақ жауап

Балалар, біз осы уақыт аралығында  не үйрендік?

Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.

Қандай ертегі білеміз?

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Ерте- ерте – ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпі. Бір күні Мақта қыз  үйін жинап жүріп, бір миіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.

Мақта қыз:

«Келмесең келме!» деп  мейзді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.

Мысық келіп:

  • Неге шақырдың? —  деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды:

Сонаң соң Мысық:

  • Ендеше қатығыңды төгемін! -дейді.

Мақта қыз:

  • Мен құйрығыңды кесіп аламын! — дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың  құйрығын кесіп алады.

Мысық:

  • Апа, апа құйрығымды берші — дейді

Мақта қыз:

  • Менің қатығымды төле! – дейді.

Балалар біз мысықтың қатық табуына көметесіп жіберейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық.

  1. Сиыр тапсырманы орындаймыз….

 

Хор: «Отан – біздің әніміз».

  • оқушы:   Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!

Әліппемен қоштасу тойымызға.

 

  • оқушы: Өтті оқу сан сабақ

Бүгінгі үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң

Әліппемен қоштассаң

Өсті білім бойымыз

Құтты болсын тойымыз!

 

  • оқушы:  Армысыздар, аналар!

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз!

 

Мұғалім:  Өсті міне бойларың

Өсті ақыл – ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

 

Сұрақ:

Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?

Хормен:  Әліппе досымыз!

Мұғалім: Иә ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

 

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.

 

Әліппе:  Армысыздар жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғалымның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік не білдік,

Қане, ортаға салайық!

 

4 оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып  берді.

 

5-оқушы:  Достастырған өзіңмен

Ұстазыма мың алғыс.

Иландырған сөзіне

Қамқоршыма мың алғыс.

 

  1. Ағаштың тапсырмасы:

 

Ән: Ө.Ділназ.

6-оқушы: Арналды ұстаздарға

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма

Ұстаз алдын көрмеген?

 

7- оқушы: Халқымыздың анасы

Атасы ол данасы

Көз жетпеске көсілген

Қазақстан даласы.

 

8-оқушы: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар

Кез келер сіздерден ақ бата алар

Ұлдарың  көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

 

  1. Қыздардың тапсырмасы:

 

Қаражорға биі.

 

9- оқушы: Білім алып мектепте

Талай пәнді оқимыз

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.

 

10- оқушы:  Таныстырарәріпен

Мынау кітап -әліппең

«Әліппе»  деген аты оның

Басталған қай әріптен.

 

11- оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

 

  1. Дүкеншінің тапсырмасы:

 

Хор: «Әліппе» әні

 

12- оқушы:  Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті әліппем

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім.

 

13-оқушы:  А – ны айтқанда даусымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем

Сөз оқимын  айырып әріпті енді.

 

14- оқушы: Әліппе – білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

 

Сөйтіп мысық шаршады, ендеше ән тыңдап, дем алсын.

 

Ән: «Балапаным» Ж.Дильназ

 

16-оқушы: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сандар алтыннан

Әліппе білім бесігі

 

17- оқушы: Келгенде алғаш метепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

 

5 – тауықтың тапсырмасы.

 

Ұлдар тобы: «Салдат болам мен ертең»

 

18-оқушы: Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым  мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

19-оқушы: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Еңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа

 

20-оқушы: Оқуды көп ойладың

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат  аштық тойладық.

 

Ән: Ө.Ділназ

21-оқушы:  Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға «Ана тілін» аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты  боп шықты міне балаңыз.

 

Әліппе: Ризамын балалар

Меңгердің болмадың босқа те

Ана тілі атты әпкем бар

Сендердіжетелеп әкетер

 

Ана тілі:  Сәлеметсіздер ме, балалар.

Туған елдің тілімін

Ақылымен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен балам

Ана тілің – арың бұл

Ұяттың боп тұр бете

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңы сенемін.

 

Әліппе:

  • Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.

Хормен: «Қош бол, құтты Әліппем!»

 

6 – Тышқан да дәнін оңай бере салмайды екен.

Тапсырмасы:

 

Хор: Мен мектепке барамын

Би:  Қазақ  биі

 

Сөйтіп мысық дәнді алып,  келген жолымен  кері қайтады.  Мақта қызға қатығын беріп, Мақта қыз құйрығын беріп отырып,  біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, — деп  ақылын айтып, екеуі  дос болыпты.

Ал біз қандай болуымыз керек?

— Біз де  әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын, адам болайық!

 

Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.