Тапқыр достар
Тақырыбы: Тапқыр достар
Мақсаты: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы
қалыптастырған ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер қатарына
көтеру. Қазақ тілі туралы ұғым беру.
Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу
Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу
дағдыларын дамыту.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Слайдтар
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:
Тіл- әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы- сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез- келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда сыныбымызда «Тапқыр достар» теле ойыны арқылы «Ана тілім-ардағым» тақырыбында тәрбие сағаты өтпекші белсенділік танытайық.
Байбота Серікбаев «Ана тілі» оқитын Алдабергенова Ж.
«Тіл және тәуелсіздік» баяндама Кеңесова А.
Көрініс «Басқа пәле тілден»
Негізгі бөлім
І айналым: «Таныстыру»
І топ
Толағайдың тасындай,
Төрт ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
ІІ топ
Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымыз,
Таныстырдық бәріңе.
ІІ айналым: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.
- Тіл деген не?
- Тілде сүйек бар ма?
- Тілді қадірлейсің бе?
- Ана тілі анаңның сүтіндей ме?
- Тіл мерекесіне қандай сыйлық алғың келеді?
- Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
- Меркеге қандай киім киесіз?
- Асықты неден алады?
- Мақал сөздің несі?
- Алатауда не бар?
- Тіл көтермегенді, Піл көтере ме?
- Тілі ұзын адам қандай адам?
- Таңертең не жедің?
- Құста не болмайды?
- Тіл үшін не істейсің?
ІІ топқа берілетін сұрақтар:
- Тіл мерекесі қашан?
- Шала қазақ деген кім?
- Ең ащы да, ең қатты да тіл ме?
- Қазақ тілі әлемдегі бай тіл ме?
- Тілін жоғалтқан ұлт не істейді?
- Тіл үшін мың өліп, мың тірілесің бе?
- Асан қайғы, Жиренше қай тілде сөйлеген?
- Кітап оқығанды ұнатасың ба?
- Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек?
- Мектепке немен келесің?
- Өнер алды қызыл тіл ме?
- Түлкі неге қу аң?
- Көршіңмен татусың ба?
- Түнде аспанда не болады?
- Тіл туралы заң қашан қабылданды?
ІІ айналым: «Ойлан, тап»
Шарты: Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
«Қасқалдақ»
ІІІ айналым: «Сен білесің бе?»
- Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 жылы 22 қыркүйек)
- Бал тамған тілден … тамар. (у)
- Қазақ тілі қай топқа жатады? (Түркі тілдес тобы)
- Ал екінші бақытым тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Өлеңнің авторы кім? (М. Мақатаев)
- Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (15)
- Екі кішкене бала ойнап отыр, бірі екіншісінің қуыршағын тартып алды.Екінші баланың іс-әрекетін көрсет.
- Тіл қандай құрал? (қатынас)
- «Ит өлген жерде» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
(алыс)
IV айналым: «Кім жылдам?»
Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру.
І топқа:
Ит, қалам, өркеш, шырша, би, қамшы, ағаш үй, бақа, сөмке, шанышқы, кесе, машина, ай.
ІІ топқа:
Маймыл, ұшақ, жаңбыр, сабын, көзілдірік, ешкі, дәрі, кітап, телефон, балық, мұғалім, күн, компьютер.
V айналым: «Қолқа салу»
Шарты: Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
Қорытынды
Марапаттау