Көпбұрыш сызу

Тақырыбы: Көпбұрыш сызу (2сынып)

Мақсаты: Оқушыларға еркін өлшеммен көпбұрыш сызуды және оның периметрін табуды меңгерту, екі амалмен шығарылатын есеп шығаруды пысықтау, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, байқағыштығын, шығармашылық белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыта түсу. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: деңгейлік оқыту, сұрақ-жауап(блиц-турнир), ойын.

Көрнекілігі: оқулық, геометриялық фигуралар, тапсырма жазылған парақшалар, слайд, фишкалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

           Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

  • Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл, — дей отырып бүгінгі математика сабағында тағы да бұл ғылымның қыр-сырына қанық боламыз. Сабаққа әзірлігімізді тексерейік. Ал егер дайын болсақ сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақ – сайыс сабақ түрінде өтеді. Алдымен ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

«Қайсысы артық?» ойыны. Әр қатарға тапсырма таратылады. Суретте берілген фигуралардың ішінен артық фигураларды айтады, дәлелдейді.

Артық болған фигуралар бойынша топ құрады. (Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш)

ІІ. Өткенді пысықтау.

Блиц-турнир. Әр топтың атауына сай 5 сұрақ беріледі.

«Үшбұрыш» тобына:

  1. Үшбұрыштың бұрышы нешеу?
  2. Қабырғасы нешеу?
  3. Төбесі нешеу?
  4. Периметрін табуға бола ма?
  5. Екі бірдей үшбұрыштан қандай фигура шығады?

«Төртбұрыш» тобына:

  1. Төртбұрыштың бұрышы нешеу?
  2. Қабырғасы нешеу?
  3. Төбесі нешеу?
  4. Периметрін қалай табар едіңдер?
  5. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?

«Шаршы» тобына:

  1. Шаршының бұрышы нешеу?
  2. Қабырғасы нешеу?
  3. Төбесі нешеу?
  4. Шаршының қабырғалары қандай болады?
  5. Шаршының ең жақын тегі қай фигура? ТІК ТӨРТБҰРЫШ

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, жаңа айтылған фигураларды тағы қалай атауға болады?
  • Көпбұрыш туралы не білеміз?
  • Көпбұрыш – кез-келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әр бөлігі – қабырға, әр ұшы- төбесі болады. Көпбұрыштың барлық қабырғасының қосындысы оның периметрі болады.
  • Олай болса, бүгінгі сабақта еркін өлшеммен көпбұрыш сызуға жаттығамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көпбұрыш сызу». Сондай-ақ, екі амалды есептер шығаруды пысықтаймыз, көпбұрыштың периметрін есептеп табу, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білімімізді дамытатын боламыз. Топпен жұмыс жасауға жаттығатын боласыңдар.

— Ал қазір дәптерлеріңді жинастырыңдар, алған дәптерлеріңе бүгінгі күн ретін жазып,  көркем жазуды орындайық.

  • 25  35  45  55  65  75  85  95

— Бұл сандар қалай жазылған? (өсу ретімен, кері бағытта санауды ұйымдастыру, ең кіші және үлкен санды онд. мен бірл. қосындысы түрінде көрсету)

І деңгей тапсырмалары:

1-тапсырма. Кез келген көпбұрыш сыз. Оны ата және неліктен бұлай аталатынын түсіндір. Периметрін жазып көрсет.

2-тапсырма. Машина құрастыру үшін қандай фигураларды қолданар едің? Геометриялық фигураларды пайдаланып машина құрастыр.

3-тапсырма. Төртбұрыш және бесбұрыш сыз. Олардың бұрыштары қандай?

ІІ деңгей тапсырмалары: 1. Оқулықпен жұмыс. 4-есеп.

Есептің шартын, сұрағын оқу, шешуін табу. Қысқаша жазу.

Салынғаны – 6 (қ)

Салынбағаны – 5 (қ) ? қабат

 

6+5=11

Ж:  барлығы 11 қабат

 

ІІ күні – 14 (о)

ІІІ күні – 20 (о)       59    отбасы

І күні  — ?

 

59 — (14+20) =25

Ж: 25 отбасы

 

Қаланғаны – 10 (қ)

Қаланбағаны – 5 (қ) ? қабат

 

10+5=15

Ж:  барлығы 15 қабат

  1. Сергіту сәті
  2. Өздік жұмыс. 5-мысал. Тиімді тәсілді есептеп жазу, бос әйнекшенің орнына сандар жазу.

ІІІ деңгей тапсырмалары:            

  1. Тік төртбұрыштардың нөмірлерін теріп жаз. Тік төртбұрыштың қасиетін айт.
  2. Логикалық тапсырма. Суретте неше үшбұрыш және төртбұрыш бар?
  1. Математикалық өлең есеп шешу.
  2. Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді?    (30 қаз)

  1. Аулада 60 үйрек,

Қорада 20 үйрек,

10 үйрек тығылды

10 үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?    (70 үйрек)

  1. Табақта 55 алма                                          4. 100 асықтың 30-ын,

Қолымда 5 алма                                              Досым сұрап алды

Барлығын қосқанда                                        Айтшы сонда нешеуі

Болады неше алма?   (60 алма)                      Өз қолымда қалады.

  1. Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю, бір арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен?(7)

 

  1. Бір қоянның екі құлағы бар,

Екі қоянның неше құлағы бар? (4)

Рефлексия. «Бес саусақ»

Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.(көпбұрыш сыздық, ойын ойнадық,)

Ү. Бағалау. (топқа фигуралар санына қарай ұпай беру, жекелеген оқушыларды бағалау)

Үйге тапсырма беру: 7-мысал.167-бет. Ш\т: көпбұрыштардан құрамақ құрау.