Аққала- ақбала М.Мақатаев

Тақырыбы:   Аққала- ақбала М.Мақатаев

Мақсаты: а) Оқушылардың таным мүмкіндігін  кеңейту,  өлеңнің мазмұнын ашу.

ә) Түсінік бере отырып сөздік қорын    молайту

б)Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

 

Сабақтың    түрі:  жаңа білім

Әдісі: сыни тұрғыда ойлау

Көрнекілігі:   Интерактивті  тақтаға жазылған сөздер, мазмұнды  суреттер, слайд.

 

Күтілетін нәтиже:   Өлеңнің мазмұнын аша алады

топта,  жұпта  жұмыс жасайды  өз ойын еркін айта алады

 

Сабақтың барысы

-Психологиялық дайындық

-Шаттық шеңбері «Қар лақтыру »ойыны

— Бұл ойын жылдың қай мезгілінде ойналады?

Қыс айларын атайық?

Топқа бөлу

І топ «желтоқсан»

ІІ топ «Қаңтар»

ІІІ топ «Ақпан»

Жұмбақ            Шанамен зырлап желетін

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Қыста қардан не жасап ойнаймыз?

-Аққала

-Бүгінгі сабағымызМ. Мақатаев «Аққала- ақ бала»

 

Мағынаны тану

-М.Мақатаев туралы мәліметпен таныстыру.

-Мәнерлеп тізбектеп оқу.

-Сөздікпен жұмыс.

 

Дамытушы сұрақтар:

Өлең қай мезгіл туралы айтылған?

-Ақын өлеңді қандай көңіл күйде хабарлайды?

— Өлеңде ақын нені сағынады?

-Өлеңде ақын балаға қандай тілек айтады?

-Ақбала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?

 

Өлең шумағына байланысты мақал шығарайық

………

Баланың әрбір қадамы,                                                         Әрбір күніңнің көңілді өткені

Ананың көз қуанышы.                                                            Денсаулығыңа көңіл бөлгені.

 

Топтық жұмыс.

Зерделеу:

І топ Қыстың көңілді күніне әңгіме жазу

Іздену:.

ІІ топ Сурет бойынша ертегі жаз.

Суреттеу:

ІІІ топ «Қыс келбеті тамаша»қима суреттер.

 

Әр топ мүшелері ұсыныс, пікірлерін білдіреді.

 

Ой толғаныс  РАФТ

Рол:  өз атыңнан

Аймақ: сынып

Форма: хат

Тақырыбы: «Қар»

 

Бағалау.  Рефлексия

-Қаншалықты білім алдым деп ойлайсың?

Бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды

8-9-«5»

7-6-«4»

5-4-«3»

3-2-«2»

 

Үйге тапсырма:   Өз таңдаулары бойынша

Өлеңді жатқа айту.

Ұнаған жерін жаттау.

Мәнерлеп оқу.