Мүйіз элементінен ою-өрнек жасау

Сабақтың  тақырыбы :  Мүйіз элементінен ою-өрнек  жасау.

 

Мақсаты: Оқушыларға  мүйіз  тектес ою-өрнектердің элементтерінен  қысқаша  мәлімет беру үстінде «мүйіз» элементін жасауды  түсіндіріп,  қағаздан ою-өрнек қидырып,  оқушылардың  шеберлігін  дамыту.

Көрнекіліктер: А3 қағазына  салынған «мүйіз» элементі.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

Карточка арқылы  жұмыс  істеу.

 

Жаңа сабақ.

Қағазды бір  бүктеп ою.

Төрт бұрышы  тең  қағазды  нүктелі  сызық  бойымен бір  бүктеп, бетіне  қарындашпен ою  үлгісін  сызып  аласыңдар да  суретте көрсетілгендей қайшымен ойып  шығарасыңдар. Сонда  мынандай ою  пайда болады. Дәл  осындай  тәсілмен өзге  оюларды  да ойып көріңдер. Алғашында  қиындық туғызып жатса   осы  үлгілер  арқылы  матаға  түсіру  жұмысын  бүгіннен  бастаймыз.

— Балалар қиып алған  өрнектеріңді ұқыппен  жайып  тегістеңдер, мүйіз болып жасалған ою-өрнек үлгілері  қара  болса, оны  ақ, қызыл, сары, көк  маталардың  бетіне  орналастыруға  болады.  Нәтижесінде  біз «мүйіз » элементтен өзгеше,  жаңа  ою-өрнек  үлгісін  жасай  аламыз.

Сарамандық  жұмыс.

 

Түрлі –түсті  маталарды  түс үйлесіміне  қарай   қолданамыз.

Үлгілерді  мата бетіне  қою  арқылы   ою-өрнек  дайындаймыз.

Дайын  ою-өрнекті   матаның  бетіне  орналастырамыз

(Жасалу  жолдары  мұғалімнің  көмегі  арқылы  көрсетіледі.)

 

Жасалынған, дайын болған  жұмыстар  салыстыру

 

Үйге  тапсырма:  Үйде  аяқтау. Үлгілер бойынша әрқайсың  үш  данадан  орындап  келу.