Қазақстан Республикасының рәміздері.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты: 1. Оқушыларға рәміздер тарихы туралы жан-жақты хабар беру.
- Отандық рәміздер авторларын жете біліп айтуға, тілдірін дамыту, ой өрісін кенейту.
- Рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі: Рәміздер суреті Президент суреті, қазақстан картасы кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
— Сен қай елде тұрасың?
— Қазақстанда. Ол үлкен ел, ғажап ел
— Қазақстан Республиканың президенты кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Өткенді пысықтау:
1 Оқушы
Отан – сенің ата-анаң
Отан досың, бауырың
Отан — өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың
2 Оқушы
Отан – тарих, отан – тіл,
Жасаған елің, ер халқың
Отан — өлең, Отан- жыр
Көтерген көкке ел даңқын …
3 оқушы
Отан осы, достарым
Көңілге мұны түйе біл,
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
- Рәміз деген не?
- Рәміздер ол ҚР айырықша белгілері
- Рәміздерді ата
- Ту, елтаңба, ән ұран
Ту туралы өлең:
1 оқушы
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп нұр,
Шаттық сыйлар көңілге
2 оқушы
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жандарымыз жайдары
3 оқушы
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркінден,
Бала өседі талапты.
Еліміздің мемлекеттік символдарында, ту мен елтаңбада өте пайдалы және қажетті ақпарат тұспалданған. Кімде – кім символдар тілін түсінсе – олар Қазақстан туралы талай жайытты әңгімелеп бере алады. Тудың авторы мен суретшісі Шакен Ниязбеков.
— Ел туының түсі неге көгілдір?
— Көгілдір түс – судың түсі. Су жоқ жерде өмір де жоқ. Және бұл – аспанның да түсі. Аспан жақсы үйдің шатыры сияқты, осы шатыр астында миллиондаған адам тұрып жатыр. Ол барша жаңға ортақ жалғыз шатыр.
— Елтаңбада не бейнеленген? Көшпелі қазақтың ең жақын көмекшісі не?
— Жүйрік ат – ер жігіттің қанаты. Сәйгүлікті, тұлпарды халық айырықша қадірлеп, құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпар бейнелеу – сол құрметтің белгісі.
— Елтаңбаға неге шаңырақ бейнеленген? Қазақтар «Шанырағын биік болсын, үйіннің қабырғасы кең, іргесі берік болсын» деп бата береді және тілек тілейді.
— Ал бес шапақты жұлдыз не? Әр адаммның өз бағдарлауыш жұлдызы бар сондай жұлдыз еліміздің елтаңбасында болуы керек.
— «Қазақстан» жазуы нені білдіреді? ҚР демокатиялық, яғни халық басқаратын мемлекет, мұнда ел басқарудың президенттік түрі қабылданған. Мемлекеттің Негізгі заңы – Ата заң (Конституция ҚР) деп аталады.
- Сабақты бекіту
(Әнұран айтқызу)
Әнұран
Елдің елдігі,
Ердің ерлігі — әнұран
Сезім биігі,
Төзім иығы — әнұран
Әннің асылы,
Ұранның басымы — әнұран
Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
(Әр топ рәміздерге сипаттама беріп қорғайды)
- Тәрбие сағатты қорытындылау.