Жалпы білім беретін мектепте математика пәні апталығында өткізілетін сыныптан тыс шаралардың әдістемелік жасалымдары (разработка)
Жалпы білім беретін мектепте математика пәні апталығында өткізілетін сыныптан тыс шаралардың әдістемелік жасалымдары (разработка)
Пән апталықтары – сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралардың ауқымдысы. Апталықтың сәтті, әрі қызықты өтуі тікелей мұғалімнің жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарына тәуелді. Апталыққа дайындық жұмыстары көп еңбекті талап етеді және көп ретте мұғалімнің «алтын уақыты» жеткіліксіз болып жатады.
Әріптестеріме көмек ретінде өз тарапымнан құрастырылып, дайындалған жұмыстарды: математика апталығының жоспарын, апталықтың ашылу жиынының жоспарын, апталық жұмысын талдаудың үлгісін және 5-9 сыныптарға арналған бес сыныптан тыс іс-шаралардың жоспары мен презентацияларын ұсынып отырмын.
(9-сыныпқа арналған «Жұлдызды сағат» сыныптан тыс жұмысы бөлек жарияланады)