Синтаксистік талдау
Сабақтың тақырыбы | Синтаксистік талдау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Білімдік:Синтаксистік талдау туралы үйреніп,білім алады.Сөз тіркесі,сөйлемге синтаксистік талдау жасауға дағдыланады. Дамытушылық: Тіл байлығын арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік:Топтық жұмыс жасай біледі, достықпен бірін-бірі сыйлайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Синтаксистік талдау туралы түсінік қалыптасады. Сөйлемдегі сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін ажыратып,талдай алады.Шығармашылық қабілеттері дамиды,пәнге деген қызығушылығы артады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Қазақ тілі 3-4 сынып «Атамұра» баспасы.Ережелер дәптері.Ескен Елубайдың «Ағаштар,дала гүлдері,көкөніс жайлы жұмбақтар» кітапшасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қолданылатын материалдар: | 1. А-3 парағы 5. Бағалау бетшесі 2. Стикерлер 6. Жетондар 3. Оқулық 8. Ережелер 4.Слайдтар 9.Кітапшалар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қолданылатын әдістер: | Жаңа әдістер Топтық жұмыс Дәлелдеу АКТ СТО Оқыту үшін бағалау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
І.Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру | 58-жаттығу.Жұмбақтың шешуін табу.(тау) Шешуіндегі сөз мәтіннің тақырыбы болатындай әңгіме құрап жазу..Мәтін құрамында бірыңғай мүшесі бар сөйлемдер болуы керек. Әр топ қорғайды:үлгілі деген мәтінді ұсынып,оқып береді.Бірыңғай мүшелерді тауып,үлгі бойынша сатылай кешенді талдайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ.Жаңа сабақ | «Кластер»-Сөйлем мүшелері бойынша білімдерін топтастыруы (топ мүшелері қорғайды) «Ой қозғау» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашуы (топ мүшелері қорғайды) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІҮ. Көркем жазу | Синтаксист-сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ү. Сергіту сәті | Музыкалық флешмоб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҮІ. Бекіту | Рефлекциялық-танымдық ойын «Конструктор» Суреттегі заттардың атын қатыстырып,сөйлем құрау.Синтаксистік талдау жасау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҮІІ. Қорытынды | І.Шығармашылық тапсырма 1)Екі мың жыл жасайды, Бұл ағаш өссе далада. Үлкен жасыл қолшатыр, Жаңбырда болар сая да.(емен) 2)Аппақ өңі тартымды, Қасиетті гүл қашанғы. Халық одан әртүрлі, Дәрі-дәрмек жасайды.(түймедақ) 3)Жер үстінде-сабағы, Жер астында-тамағы. (картоп) Жұмбақты оқып,өлең жолдарын сөйлемге айналдыр. Қандай сөйлем?Неліктен? Сөйлем мүшелеріне талда.Дәлелде. Сөз тіркестерін сұрақ қойып,ажырат
ІІ.Дискуссиялық картамен жұмыс.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҮІІІ. Бағалау | Бағалау критерий бойынша әр топ мүшелері бағалайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІХ. Үй тапсырмасы | Бір сөйлемді алып,синтаксистік талдау жасау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||