Сипаттау мәтіні
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Асамадинова Гүлжан Ерғалиқызы
Күні: 26.09.2014 | Қазақ тілі
| 5 – күн, 2 — сабақ
| 4 — сынып
| |
Сабақтың тақырыбы: | Сипаттау мәтіні. 17 – 21 – жаттығулар. (2 – сағат) | |||
Жалпы мақсат:
| Берілген тапсырманы сыни тұрғыдан ойлап орындауын қадағалау. Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту. Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін,ақыл-ойын дамыту.Сипаттау мәтінін қолданып, жаттығуларды орындайды, мәтін түрлерін бір – бірінен ажыратады. Топтық жұмыстарда дәлелдеуде ізденеді, түсінгені мен есте сақтағанын жазады. | |||
Сілтеме: | Жалпы білім беретін мектептің 4 – сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы Алматы «Атамұра» 2011жыл | |||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Сипаттау мәтінін игеру кезінде кездесетін кедергілер мен мәселелерді шешуде ойлау үдерісі жүзеге асады. Балалар бір – бірін оқыта отырып, тексереді. Татулыққа, есте сақтауға үйренеді. | |||
Негізгі идеялар: | Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді. | |||
Сабақта қолданылатын материалдар: | 1.А-3, А-4 парақтары. 2.Стикерлер. 3. Желім 4.Оқулық.и 5. Маркерлер, қаламдар | |||
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер, СТО, АКТ, СКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | 1. Диалог 2. Топтық жұмыс | ||
Дерек көздері: | Оқулық және ғаламтор материалдары | |||
Тапсырмалар: | Жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындайды. | |||
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ бөлімдері мен уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
3 минут
| 1. Психологиялық дайындық. 2.Төмендегі тәсіл арқылы топқа бөлу: А.Байтұрсынұлы «Бұл қай кезде болады?» -Күн ұзарып, қар еріп, Су сайларға толады. Бұл қай кезде болады? (Көктем) -Күндер ысып, шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бұл қай кезде болады? (Жаз) -Жауын -жаңбыр, жер сабыр, Шөп, жапырақ солады. Бұл қай кезде болады? (Күз) -Суда мұз бар, жерде қар, Боран борап соғады. Бұл қай кезде болады? (Қыс) Сұрақ: Жұмбақтар жасырылғанда мәтіннің қай түрін кездестірдіңдер? 2. Әр топтың топ басшысын сайлату. 3. Топтық жұмыстағы ережесін еске түсіру. | 1.Оқушылар мұғалімнің айтқанын орындап, өздері таңдаған сан бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ басшыларын өздерінің арасынан сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Топ басшысы бағалау парағымен танысады. |
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Топтық жұмыс. 2 минут | 1. Сипаттау мәтіні ережесін сұрау. 2. Үйге берілген тапсырманы пысықтау мақсатында 16-жаттығуды орындаған оқушылар Веен диаграммасы бойынша Қарлығаш пен Сауысқанды салыстыра сипаттайды. | Топ мүшелері бірге талдап, жұмыстанады, тапсырма орындалған соң, дәлелдеу дауысталып оқылады. |
ІІІ. Жаңа сабақ | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Қызығушылықты ояту.
Мағынаны ашу.
Дәптермен жұмыс. Постер құру.
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Ой қозғау | — Қарлығаштың құйрығы неге айыр? мультфильмін тамашалау. — Суреттегі құстар кейпіне енеді. Мысалы: — Мен қарлығашпын. Мен адамның досымын,… — Мен сауысқанмын. Мен өте сақ құспын. Өреден құрт ұрлаймын,… Ауызша жұмыс. 17-жаттығу орындалып, байланысы анықталады.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, мәтіннің қай түрі екенін анықтайды. Қайың мен қарағайды салыстырып сипаттайды. Көркем жазу: Ққ Қайың Қарағай 18 — жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Шөптегі шық.
Әңгімелеу мәтінінің сұрағын айтсам 1-топ 1 рет, Сипаттау мәтінінің сұрағын айтсам 2-топ 2 рет, Пайымдау мәтінінің сұрағын айтсам 3-топ 3 рет қол соғу. 19-жаттығу. Есте сақтау қабілеттерін тексеру. Өлеңді мәнерлеп оқып, екінші шумағын жатқа жазу. Суретке қарап, өлең мәтініндегі сипаттауларды қатыстырып, Бұлан мен Құланға сипаттау мәтінін құрастыру. -Есек емес, Жылқы емес, Екеуінің ұқсастығы, Береді тұрқы елес. -Тұрқы, түрі Жылқы тектес жалы бар, Шөп жеп түрлі, Түзде өскен жануар. 21 – жаттығу. Оқушылар суреттегі заттарға жұмбақ құрастырады. 1)Қабат – қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін.(Кітап) 2)Үш тілі тақылдап, Жаңылмайтын ақылды – ақ. (Сағат) 3)Бұрсаң тетігін, Соғады жүрегі. Өлшемін күн мен түн, Әркім – ақ біледі. (Сағат) 4) Шертсең көк жолақ сыртынан, Піссе үн шықпас ұртынан. Шикі болса, сымпылдап, -Тиме; — дейді тақылдап. (Қарбыз) Қорытындылау. Бес жолды өлең стратегиясы. 1-топ: Кітап; 2 – топ: Сағат; 3 – топ: Қарбыз; 4 – топ: сарапшы (үш топтың жауаптарын толықтырады) | Оқушылар көркем жазуды орындайды. Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды.
Зеректік танытып, мәтіндерді ажырат біледі.
Есте сақтау қабілеттері тексеріледі.
Сөздік қоры, сауатты жазуы қадағаланады.
Тіл байлығы, ауыз әдебиетіне қызығушылығы артады. Заттарды сипаттай отырып, жұмбақ құрастыруға дағдыланады, өлең ұйқастаруға бейімділігі ескеріледі. |
Үй жұмысын беру. | «Сипаттау мәтіні» ережесін жаттау, 20 -жаттығуларды дәптерге орындау. | Оқушылар үй тапсырманы дәптерлеріне түртіп алады. |
VI. Бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1 минут | Формативті бағалау. Бірін-бірі критериалды бағалауға мүмкіндік беру.
| Барлық топтың оқушыларының ұпайын топ басшы есептейді. |
VII. Рефлексия | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1 минут | -Күн суретіне сипаттау жүргізе отырып, бір – бірін қайталамай, бірнеше сөздер айту. (Жарық, шуақты, сары, жомарт, дөңгелек, үлкен, ашық, нұрлы,.. т.б) — Сабақта қандай тапсырма орындаған қызықты және түсінікті, қай тапсырма күрделі болды?
| Оқушылар пікірін айтады. |