Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ж дыбысы мен әрпін таныту,берілген сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты,дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы:оқушылардың тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа,мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,кеспе әріптер,интерактивті тақта,ойындар, буындар мен сөздер.
Сабақтың әдісі: ізденушілік,танымдық сұрақ-жауап,ұжымдық жұмыс жоспарлары.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс:математика,дүние тану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.«Ой шақыру» (Өткенді қайталау).
Ғ дыбысы мен әрпін қайталауға арналған жаттығулар. «Кім шапшаң?» ойыны.
Ғ дыбысы бар сөздер тауып айту,сөздерді буынға бөлдіріп,шапшаң оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ертеде орманда бір жолбарыс өмір сүріпті.Жолбарыс аяңдап келе жатса,ағаштың қасында керік жайбарақат шөп жеп тұр екен.Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен, өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей жөн сұрапты.
-Ау,сорайған сен кім боласың?Оқыс дауыстан шошынған жираф аяқтары дірілдеп: мен бе, ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой»,-деп әрең тіл қатыпты.
-Атың қызық екен,ж-ж-жи-жи-жираф,ж-ж-жи-жи-жираф,-деп қайталап,жолбарыс жөніне кетеді.
Жирафта аман-есен құтылғанына қуанып,ж-ж-жу-жүр»деп демін алады.
Балалар, ойлаңдаршы бүгін қандай дыбыспен таныспақшымыз?
Әрине Жж дыбысы.Оқушыларға дыбыстату.
Төрт топқа суреттер үлестіріп, ішінде ж дыбысы бар сөзді тауып,буынға бөліп,дыбыстық талдау жасату.Ж дыбысынан басталатын қандай сандарды білесіңдер? Жеті саны қасиетті сан.Жеті қазына, жеті шелпек, жеті күн.
Оқулықпен жұмыс.
Жіп сөзіне буындық,дыбыстық талдау жасату.
Бағандағы буындарға дыбыс қосып сөз жасалғанын аңғарту.
Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту,мазмұнын айтқызу.
Мәтіндегі балалардың аты кімдер?
Мәтінде не туралы айтылған?
Ж дыбысы бар сөздерді таптыру.(Жамал,Ажар,Жанар,Жарас,жалауша.
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді оқыту.(Антоним)
V.Тіл жаттықтыру.
Жа-жа-жақсы
Же-же-жеміс
Аз-аз-жаз
Жу-жу-жуас
VІ. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға қарадым
Солға қарадым
Егеменді ел көрдім
Сөздік диктант: Жаға,жарыс,жалау,жыра,жол.
Дәптермен жұмыс.
Жж әрпін тақтаға жазып көрсету,ауада жазу.
Дәптердегі тапсырмаларды орындау.
Кел балалар,ойнайық
Ойнайық та,ойлайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
Тақиям толған сөк
Ерте тұрсам дымда жоқ.
Айналада ақ отау аузы-мұрны жоқ отау.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады.
Әр топ тапқан жауаптарына сөйлем құрайды.
VІІ. «Жоғалған буын» ойыны.
*ЛЫН* * МАН*
* РЫС* * ЖА * * ҒА *
* ЛАУ * * СА * * СЫЛ*
VІІІ.Қорытынды.
Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ж дыбысы қандай дыбыс?
Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?