Қайталау
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарн бойынша алған білімдерін тексеру.
- Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, СКТ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) сабаққа даярлау
в) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу
г) зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№3, 91 бет Қатені тап және түзет.
3+2= 4 5 8-2=5 6 10-2= 7 8 4-2= 1 2
ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.
№1, 92 бет. Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.
а) 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. Тағы 2 бала келді. Барлығы неше бала болды?
б) 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. 2 бала үйіне кетті. Неше бала қалды?
Сұрақтар қою: І-топ: — Бірінші есепте не туралы айтылған?
- Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
- Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
- 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
- Сырғанаққа тағы неше бала келді?
- Сырғанаққа 2 бала келді.
- Есепте нені сұрап тұр?
- Барлығы неше бала болғанын сұрап тұр.
Дәптермен жұмыс.
Болды- 6 бала
Келді- 2
Барлығы- ? бала
Шешуі: 6+2=8
Жауабы: 8 бала.
- Анықтама.
6+2=8 –теңдік.
2.Тану.
Оқылуы: алты мен екінің қосындысы сегізге
тең
Жазылуы: 6+2=8
3.Амалдау: Қосу
- Амал заңдары: Қосудың
ауыстырымдылық заңы
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен,
қосындының мәні өзгермейді.
6+2=8 2+6=8
ІІ-топ: — Екінші есепте не туралы айтылған?
— Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
-Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
— 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
— Неше бала үйіне кетті?
— 2 бала үйіне кетті.
— Есепте нені сұрап тұр?
— Неше бала қалғанын сұрап тұр.
Болды- 8 б.
Кетті- 2 б.
Қалды- ? бала
Шешуі: 8-2=6
Жауабы: 6 бала қалды.
- Анықтама.
8-2=6 –теңдік.
2.Тану.
Оқылуы: Сегіз бен екінің айырмасы алтыға
тең
Жазылуы: 8-2=6
3.Амалдау: Азайту
- Амал заңдары:
№3. 93 бет. Бір бағанға тура, ал екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз.
7<9 10>6 6<8
0>3 4<3 5<4
Логикалық сұрақ: Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?
Жауабы: Барлығы 7 баласы бар.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Кел ойнайық! «Балдырғанға көмектес!» Нөмірі 6-дан артық емес сыйлықты тап.
3+2=5 7-4=3 6-3=3
-Сонымен, бүгін сабақта не үйрендік, не білдік?
Ү. Үйге тапсырма. №2, 93 бет. Оқушыларды бағалау.