М дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі

Мақсаты: М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасау. М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

Дамутышылық: Өтілген  дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабіліттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Ұжымдық ойын сабағы

Сабақтың әдісі: Ой қозғау арқылы дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Слайд суреттер, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым!

Арайлап атқан әр күнге.

Өткен сабақты пысықтау

Ой қозғау

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыс дегеніміз не?

 

«Кім шапшаң ?» ойыны

Буыннан сөз құрау

а                         па

та                        ла

ал                       на

да                       ға

ай                       ра

ой                       ша

қа                        ма

 

Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Өзі жап-жас,  мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар.    (мысық)

(слайдпен мысықтын суреті шығады)

 

 

 

Ал  енді балалар, түйе өркешіне қарайық.

Ұқсайды оған қай әріп ?  (м)

«Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? «М»

Олай болса, бүгін біз «М» дыбысы мен әріпімен танысамыз.

Кәне М дыбысын айтып көрейін М , М , М  .

Ерін арқылы жасалады екен .

Қысқа айтылады, дауыссыз дыбысқа жатады .

 

(слайдттан моншақтың суретін көрсету)

 

Ненің суретін көріп отырсыңдар?  (Мон-шақ )

М дыбысы сөздің қай жерінде естіледі? Басында .

Бұл сөз неше буыннан тұрады?  Екі.

Неше дыбыс бар?  Алты .

Неше дауысты?   Екі .

Неше дауыссыз?   Төрт   .

 

М әріп таңбасын көрсету:

  «Сөз ойла, тез ойла» ойны арқылы «м» дыбысына сөз айтқызу.

Балалар, біз қандай дауысты дыбыстар білеміз? а, о, у

Дауысты дыбыстарға байланысты  буындарды оқып  көрейік  -ма, -мо , -му, -лам, -мақ, -мар

Оқулықпен жұмыс:

Оқулық бетіндегі сөздерді оқушыларға буынға бөліп  оқытып, әр сөзге түсінік беру.

Сергіту сәті: 

«Қара жорға» биінің әуені арқылы қимылын жасату.

 

Дәптермен жұмыс:

Оқушыларға М м әріпінің элементтерін көрсету

М м

Ауада жаздыру. Дәптерге екі жол жаздыру.

Шығармашылық жұмыс:

«Ұйқасын тап»

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін ,

Оның аты …                    (жүзім)

 

 

 

 

 

 

«Кім тапқыр» ойыны:

 

  1. Нольден кейінгі сан   Түйенің баласы
  2. Қозының анасы                          Тамақтың дәмін келтіреді
  3. Мемлекеттік рәміздердің бірі 3 .Үй құс-ң бірі
  4. Қасиетті тағам Тәтті жеміс
  5. Балық аулайтын құрал

 

 

 

Сабақты қорытындылау

 

Дауыссыз дыбыс                                      ерін арқылы жасалады

М

 

 

 

 

Сөздің басында, ортасында және соңында  кездеседі.

 

 

Үй тапсырмасы: М дыбысы мен әрпін оқу

 

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.