М.Гумеров «Дүкенде»
Тақырыбы: М.Гумеров «Дүкенде»
Мақсаты:
Білімділік: Мәтін мазмұнын меңгерте отырып, әңгімедегі кейіпкердің қандай қылығы үшін ұялғанына оқушының көзін жеткізу.
Дамытушылық: жүйелі ойлау қаблетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу іскерлігін арттыру.
Тәрбиелік: Жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту технологиясы: Блум жүйесі.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдеп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Амандасу
- Түгендеу
- Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырып бойынша жаттаған мақал-мәтелдерді сұрау,мағынасын түсіндіру
- Ақыл-жастан,
Асыл-тастан
- Ақылсыз адам айқайлай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Білу
| Оқушыларға «Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақтар қойылады. ü Сендер өз беттерімен дүкеннен зат алуға барасыңдар ма? ü Ақылды балалар қоғамдық жерлерде өздерін қалай ұстау керек? ü «Әдептілік» сөзін қалай түсінеміз? «Топтастыру» стратегиясы бойынша сызба құру
37-38б мәтінді мәнерлеп оқу мазмұнын меңгерту | ||||||||||||
Түсіну
Талдау | 1) Мәтінді оқығаннан кейін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар: Жоспар ü Жеміс дүкені ü Дүкендегі оқиға ü Дүкеншінің сөзі ü Орынтайдың ұялғаны
2) Сұрақтарға жауап беру. Орынтай дүкенде неше рет ұялды? Осы әңгімеде: o Кім өкінді? o Кім ұялды? o Кім кімнің қателігін бетіне басып айтты?
1) Венн диаграммасын толтыр: Баланың бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді жаз.
2) Тақырыптың басты ойын айт: -Орынтайдың қай қылығы оны ұятқа қалдырды? -Әңгімені басқаша қалай атауға болады? | ||||||||||||
Қолдану | 1) Түсіндірме сөздікпен жұмыс: -Осы екі сөзбен сөйлем құра. -Екі қасиеттің қайсысы сенің бойыңнан табылады? -Қай қасиеттің сенде болғанын қалар едің? | ||||||||||||
Жинақтау | Оқушы өзінің жаңа алған ақпаратты, мәтіннен алған сезімі, өзіңде пайда болған ойды жинақтап «Сен үшін ұялдым» деген тақырыпта эссе жазады.
| ||||||||||||
Баға беру | 1) Мақалды түсіндір: Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіртіп айтады. 2) Егер дүкенде сен тұрсаң не істер едің? |