Математикалық болғың келе ме?
«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»
атты математика пәні апталығы аясында өткізілген
«Математикалық болғың келе ме?» ойынының
ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Математик болғың келе ме?»
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
- Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу, құзыреттілікке бейімдеу, лидер болуға ұмтылдыру, шешім қабылдай білуге үйрету.
Түрі: Ойын
Формасы: Ойын технологиясын және АКТ қолдану арқылы
Көрнекілігі: Слайд.
Құралдар: Интерактивті тақта
Кіріспе:
«Математик болғың келе ме?» ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға залда отырған оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.
.
Ойын ережесі:
- Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге 1 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.
- Математик болу үшін берілген 10 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Ұпайлар сұрақ нөміріне сәйкес қосылып отырады. Мысалы 1-сұраққа 1 ұпай, 7- сұраққа 7 ұпай. Ең көп ұпай саны 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55 болады.
- Ойын барысында 3 көмекті пайдалануға болады:
достың көмегі
50/50
Көрермендер көмегі
- Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.
Ойын барысы:
Экранда слайдтар пайда болады.
Іріктеу сұрақтары арқылы 1 оқушы ойынға шығады. Оқушы 10 сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды. Осы тәртіппен ойын 3 кезеңде өтеді. Ұпай көп жинаған оқушы жеңімпаз атанады.