Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев
Сыныбы: 4 | Күні:23-қаңтар | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Сөз мәйегі.Болат Үсенбаев | ||||||||||||||||||
Мақсаты:
| Мәйек дегеніміз не? «Сөз мәйегі» Мақалдардың мағынасын ашу. | ||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер
| Сөздің мағынасын аша алады.Төменгі және жоғарғы деңгейлі сұрақтарға жауап береді. Интернетпен жұмыс жасайды.Сөздерді мағынасына қарай топтастырады.Өз ойын еркін жеткізеді.Өлең шумақтарынан негізгі тұғырын табады.Мақал-мәтелдерді біледі,тәрбиелік мәннін түсіндіреді.Топта жұмыс жасай алады және топ ішінде бір-бірін бағалайды. | ||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар
| Мақал – мәтелдер жазылған плакаттар. Оқулық,постер,маркер. ноутбук, телефон Үлестірмелі қағаздар,бағалау парақтары | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы: | |||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||
Кіріспе (5-мин)
| Оқушылармен амандасып, төрт топқа бөлеу. (1 топ — Еңбек ,2топ-Білім,3 топ-Достық,4 топ-Төрт түлік мал)Топтық ережені үнемі естерінде сақтау, бір – бірінің пікірін тыңдау, басқаның ойымен санасу керектігін ескерту. Тапсырма: 4 топқа әртүрлі тапсырмаларды беріледі.Тапсырма жауаптарын постерге түсіру керек.
Еңбек тобы:Әдемі сөйлеу үшін біз нені білуіміз керек? Білім тобы:Сөз қандай болады? Достық тобы:Ауыз әдебиетінің түрлері қандай? Төрт –түлік тобы:Біз хабарды іс—қимыл,сөз арқылы жеткіземіз.Хабарлар-ды жеткізетін қандай техниканы білесің?
| Мұғаліммен амандасады.Оқу – құралдарын түгелдеп,бар назарларын сабаққа аударады.Мұғалімнің нұсқауымен 4 топқа бөлінеді. Отыру реті бойынша бірінші оқушы – Еңбек тобы, екінші оқушы –Білім тобы, үшінші оқушы – Достық тобы, төртінші оқушы – төрт-түлік тобына топтастырылды.
Топтық ережені барлығы естеріне түсіреді.Оқушылар өздерін реттейді.
Барлығы берілген тапсырмаларды мұқият тыңдайды.Өз топ топтарына берілген сұрақты жазып алады, сұраққа жауап іздейді. Топтағы оқушылар жауаптарын айтады және топта талқылайды. Дұрыс жауапты ақылдаса отырып шешіп, постерге түсіреді.Берілген сұраққа жауапты бірі- дерек көзінен іздесе, екіншісі – өз білгенін ортаға салады. Нақты жауапты тауып, бірлесе отырып постерге түсіреді.
-сөз,сөз тіркесі,сөйлем,мәтін,әдепті сөздерді т.б
Жылы сөз,тәтті сөз,ауыр сөз,қатты сөз,бата сөз,өсиет сөз,батыл сөз,жұмбақ сөз т.б
Айтыс,Жаңылтпаш,жұмбақ,тұрмыс салт жырлары,мақал-мәтелдер.
Теледидар,телефон,диктафон,микрафон,магнитафон т.б
4 топ жасаған постерларын тақтаға шығып қорғайды.Бір – біріне 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады. | |||||||||||||||||
Тұсаукесер (7-мин)
| Интернеттен « мәйек » сөзінің мағынасын табыңыздар.
| Ноутбук немесе телефон арқылы интернеттен қажетті ақпаратты алады.
| |||||||||||||||||
Негізгібөлім (25-минут)
| -Бүгінгі жаңа сабақ:Сөз мәйегі деп аталады. 1)Топ ішіндегі 6 оқушы 6 шумақты мәнерлеп оқисыңдар.(Тізбектеп оқу) 2)Әр топтан жақсы Оқитын оқушыны таңдайсыңдар.
3)Әр шумақтағы сөз- дердің негізгі тұғыр- ынтауып,дәптерлері ңе жазып отырың- дар.
-Өлеңді оқи отырып қандай қорытынды жасадыңдар? Түсінбей отырсаңыз- дар екі оқушыдан кө- мек сұрауға болады. 4)Әр оқушыөлеңнің біршумағын топта талқылайды.
|
1) Тізбектей оқу Топтағы оқушылар өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды.
Жақсы оқитын оқушыларды мына талаптар бойынша таңдап алады.
2) Іштей оқу Әр қайсысы жеке жұмыстанады.Өлең шумақтарын түгел оқып шығады.
-Сөз-жаманнан жирентеді,өмір жайлы сыр шертеді.Сөз-мақал-мәтелдердің даналығына ой жүгіртеді. Мақал-өмірден туады,ақыл-ойымызды,санамыздыкеңейтеді.
Топтасып жұмыстанады.Сөздің тұғырын табады,түсіндіреді,оз ойларын қосады,қорытындылайды. | |||||||||||||||||
Қорытынды (7-минут)
| Тапсырма: «Еңбек» тобына-еңбек туралы, «Білім» тобына -білім туралы, «Достық» тобына-достық туралы
«Төрт-түлік» тобына-төрт-түлік туралы мақал-мәтел жинастыру. Сабаққа қатыспай отырған оқушы-ларға «Ынта үзілісі»әдісін қолдану. Топтағы оқушы-лардың жазғанына«Ынта үзілесінен»келген оқушыны мәліметін қосыңдар. Әр топтың көшбасшылары топ мүшелерін бағалаңдар. |
«Еңбек түбі-береке», «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» т.б
«Білім-инемен құдық қазғандай», «Білім-таусылмайтын бұлақ»,т.б
«100 теңгең болғанша, жұз досың болсын», «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды»,т.б
«Ат-ер қанаты», «Ит-адамның досы»,т.б
Әр топтан бір оқушыны кітапханаға барып,топтарына берілген тақырып бойынша мақал –мәтел жинастырып келеді.
Ынта үзілісінен келген оқушы мен топ жазған мақал- мәтелдерді қосады.
Топ мүшелері бір-бір мақалдан айтып,оның мағынасын түсіндіреді.
4 топтан бір оқушыдан шығып, топтық бағалау критерийларына сәйкес, түсіндіре отырып топ мүшелерін бағалады. | |||||||||||||||||
Сабақтың өзіндік талдауы:Қаңтардың жиырма үшінде жоспарланған екінші сабағымды өткездім.Сабақты әдеттегідей амандасудан,оқушылардың назарын сабаққа аударудан,топ ережесін еске түсіруден бастадым. Сабағымның мақсаты: Сөз мәйегі дегеніміз не?Мақал- мәтел ақыл ойдың мәйегі, даналықтың әлемі екенін түсіндіру.Мақалдардың мағынасын ашу,тәрбиелік мағынасына көңіл бөлу болатын.Сабақ мазмұнын аша түсу үшін оқушыларды төрт топқа бөлдім.Олар: 1)Білім тобы, 2)Еңбек тобы, 3)Достық тобы, 4)Төрт — түлік тобы.Кіріспе кезеңін 4 топқа төрт түрлі тапсырма беруден бастадым.Олар жеке жұмыстанды,топ ішінде талқылады. Еңбек тобы:Әдемі сөйлеу үшін біз нені білуіміз керек?-деген сұраққа жауап іздеді.Осы топтан байқағаным дарынды оқушылар кері бағыттау сұрақтарын қойып, топтың барлық мүшелерін тыңдап,қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысты.Еңбек тобынан белсенділік танытып, ұтымды жауап беріп отырған оқушылар:Асылжан,Нұрлан.Топ постер құрастырып,әдемі сөйлеу үшін сөз,сөз тіркесі,сөйлем,мәтін,әдепті сөздерді,мақал-мәтелдерді білу және көркем әдебиет кітаптарын көп оқу керектігін баса назарға қойып айтты.Топтар бір-бірін бағалаған кезде де көп кітап оқу керек деген ойларымен келісемін деп,оқуда кедергісі бар Евгений мойындады.Мен оқушылардың ішкі мотивацияларының оянғанына қуандым.Өйткені мен кітап оқыңдар деп өзім айтушы едім. Білім тобы:Сөз қандай болады?– деген сұрақ бойынша жұмыстанды.Оқушылар тапсырма берілгеннен кейін өз –өздерін реттеп,өзара жауап беру реттерін бөліп алды.Ойларын ортаға салып,тіпті мысалдарын келтіріп те отырды.Оған мына диалогты естігенде көзім жетті. -Жылы сөз ді мамамыз айтады,-деді Тоқтар. -Жоқ, жылы сөзді тек мамамыз ғана емес,ата – әжелеріміз де айтады ғой,- деді Аружан -Мұғалім бізді мақтаса,сенім артса,ол да жылы сөздерге жатады деп әңгімеге Мұрагер де қосылды.Мен балалардың әр сөзінде бір мән жатқанын ұқтым. Оқушылар :сөздердің тәтті, ауыр,қатты,бата сөз,өсиет сөз,батыл сөз,жұмбақ сөз болатынын топтастырды.Барлығына да мысал келтіріп,қорытындылап отырды.Топ ішінде қатыспай қалған оқушы болған жоқ. Достық тобы:Ауыз әдебиетінің түрлері қандай?–деген тапсырмаға жауап іздеді.Топ болып жұмыстанды. Постерға түсірді.Зерттеушілік жұмыспен шұғылданды.Ауыз әдебиетне айтыс, жаңылтпаш,жұмбақ,тұрмыс салт жырлары, мақал-мәтелдер жататынын анықтап алды.
Төрт –түлік тобы:Біз хабарды іс—қимыл,сөз арқылы жеткіземіз.Хабарларды жеткізетін қандай техниканы білесіз деген сұрақ аясында талқылады, ойларын жинақтады,мысалдар келтірді. Топтағы Нұрберген теледидар десе, Алишер телефон,Алмас диктафон, Светлана магнитафон деп тізбектеле жауаптарын айтып жатты.Сырттай бақылап тұрған мен олардың жұмыстану қарқынына қуандым.Оқушыларға «Уақыт таяп қалды, екі минуттарың өтіп кетті» деп, тез жұмыстануларына түрткі болуымның әсерінен уақытты тиімді пайдаландық деп ойлаймын. Сабағымның тұсаукесер бөлімінде АКТ әдісін қолдандым. Интернеттен « мәйек » сөзінің мағынасын табуларын тапсырдым.Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады.Оқушылар арасынан Светлана,Назардың компьютерлік сауаттылықтары басым болып, тапсырманы тез арада орындап берді. Негізгі бөлімде жаңа тақырыпты меңгеруге көштік. «Сөз мәйегі» өлеңін іштей оқуға, тізбектеп оқуға берілді.Әр топтан жақсы оқитын оқушыларды дауыс ырғағы, интанацияның болуы, сөздедің қатесіз оқылуына байланысты бағалады және топ ішінен мәнерлеп оқитын оқушыны анықтады.Сыныбымдағы орташа оқитын Нұрлан мәнерлеп оқу дискрипторларына сәйкес келіп,топ жарды.Оқушылардың назарын бірден өзіне аударып алды.Ол оқыған кезде оқушылар тып — тыныш тыңдап отырды.Осы сәтте менің көкейімде сұрақтар туындады.Неге бұрынғы сабақтарымда осы оқушының дауыс ырғағын,мәнерлеп жақсы оқитынын байқай алмадым екен?тСыныбымда әлі де ашылмай, дарынды,талантты оқушылардың көлеңкесінде жүрген оқушыларым әлі де бар шығар.Оқушымның деңгейін бағаламай жүргенімді ұқтым.Топтық жұмыстың тиімділігі деосы болды Оқушылар бір-бірін бағалады,тіпті есертулерін, кеңестерін де айтып жатты. -Келесі тапсырма, өлеңді оқи отырып қандай қорытынды жасадыңдар?Әр шумақтағы сөздердің негізгі тұғырын тауып, дәптерлеріңе жазып отырыңдар. Түсінбей отырсаңыздар екі оқушыдан көмек сұрауға болады, — деген нұсқау бердім.Топта жұмыстанбаған оқушы қалмады.Топ көшбасшылары дараланып шығып, оқушылардың оқу үдерісін бақылап, тапсырмаларды орындау реттерін анықтап, ұтымды ойлар мен ұсыныстар айтып отырды. Қорытынды бөлімінде: «Еңбек» тобына-еңбек туралы, «Білім» тобына -білім туралы,«Достық» тобына-достық туралы , «Төрт-түлік» тобына-төрт-түлік туралы мақал-мәтел жинастыруға тапсырма бердім.Сабаққа қатыспай отырған оқушыларға «Ынта үзілісі»әдісін қолдандым.Оқушылар өз тобына берілген тапсырмаға қосымша мәлімет жинап келді.Топтағы оқушылардың жазғанына«Ынта үзілесінен»келген оқушының мәліметін қосады.Сабақ соңында жазған мақал – мәтелдерін оқиды, мағынасын түсіндіреді.4 топтың көшбасшылары шығып , топтық бағалау критерийларына сәйкес, түсіндіре отырып топ мүшелерін бағалады.Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс парақтары таратылды.
| |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша өзгертулер
| |||||||||||||||||||
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Тақырыбы:Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев
Оқушының аты – жөні:Өзін – өзі бағалау.Сен өзіңді қалай сөйлеймін деп ойлайсың?
(Қарандашпен сөз тіркесінің астын сыз)
Өзара бағалау.Көршің сенің сөйлеу мәнерің туралы қандай ойда екен?
(Қаламсаппен сөз тіркесінің астын сыз)
1.Жұмсақ сөйлейтін
2.Қаттысөйлейтін
3.Жұмбақтап сөйлейтін
4.Батыл сөз айтатын
5.Тәтті сөйлейтін
6.Ауырсөз айтатын
7.Үлгілі сөйлейтін
8.Сиқырлап сөйлейтін
Топтық бағалау әдісі.
Тапсырма:
Реті | Критерийлер | Баға |
1 | Топтық ережені сақтауы | |
2 | Топтық талқылауға қатысуы | |
3 | Өз ойы мен ұсынысының болуы | |
4 | Корытынды бағасы: |