Су
Дүниетану
Тақырыбы: Су
Мақсаты: 1.Оқушылар судың қасиеті, табиғаттағы су айналымы, жер асты сулар, шипалы сулар, өзен және көл, судың ластануы, суды қорғау туралы білімдерін кеңейтеді.
2.Оқушылар сөйлеу тілін, ойын дамытады, әңгімелерді өзіндік оймен талдай
білуге, қорытынды жасауға үйренеді.
- Суды, айналаны қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегін үнемдеп, тазалап,
тиімді пайдалануға; Отанын, туған жерін сүйюге тәрбиеленеді.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: СТО технологиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,слайдтар, видеофильм
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылығын ояту
1.Жұмбақ шешу: –Аяғы жоқ жүреді, -Бірде газ болады,
Сылқ-сылқ күледі. Бірде тас болады,
Күнде ішер ас болады. (су)
- Мақсатын қою кезеңі
— Сендер бүгін су туралы білімдеріңді еске түсіре отырып, табиғаттағы су айналымы, жер асты сулар, шипалы сулар, өзен және көл, судың ластануы, суды қорғау туралы білімдерін толықтырасыңдар.
- Кесте толтыру
Не білемін? |
Не білгім келеді? |
Не білдім, не үйрендім? |
- Топтастыру. Судың қасиеті.
еріткіш
түссіз
Су |
иіссіз мөлдір
сұйық күйі қатты күйі бу күйі
(мұз)
ІІІ. Мағынаны ажырату
- Венн диаграммасы
Барыс, арқар, марал, аю т.б. |
Тірі табиғат. Екеуіне де су, ауа,тамақ, жылу, жарық керек. |
Адам жануарлар
Әке, шеше, ата,әже, бала, ұл, қыз
|
2.Сұрақ – жауап:
— Ассоциация (глобуспен жұмыс) – Глобуста көгілдір түспен не бейнеленген?
Жер бетінің жартысынан көбін су алып жатыр. Неше мұхит бар?
— Тұщы судың көзі не? (Тұщы судың көзі- өзен. Қазақстандағы өзендерді, көлдерді атаңдар. )
Жергілікті өзендер туралы айту — Ертіс, Ұлан. Олардың суы қандай мақсатқа пайдаланады? (Ұлан өзені туралы ребус шешу)
— Судың табиғатта таралу түрлері (мұхит, теңіз, өзен, көл, ағзалар денесі)
Есеп шығару: Қазақстандағы ең суы мол өзен –Ертіс. Ертіс өзенінің ұзындығы 4248км километр, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 2548км. . Оның біздің республикамыздың жерінен өтетін ұзындығы неше километр?
(4248-2548=1700км )
Дүние жүзіндегі ең терең көл қандай? (Байкал, Горячинск деген жерде шипалы суы бар, 65 градус — слайд)
Сарыағаштың шипалы суы 1946 ж. ашылып, жеті жылдан кейін емдеу орнына айналды. Мұнда ас қорыту, жүйке жүйесі, тері ауруларын емдейді.
- Сергіту сәті «Кім көп біледі?»
— Су туралы мақал-мәтелдер: «Судай таза, сүттей ақ бол»
«Сулы жер – нұлы жер»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Өзен бар жерде өмір бар» (1-2 талдау)
— Тыйым сөздер: Суды босқа төкпе.
Су ішкен құдыққа түкірме.
Түнде суға барма.
Суды улама.
Кірдің суын арыққа ағызба.
4.Табиғаттағы су айналымы туралы (суретке сүйеніп,слайд)
— Слайдқа мұқият қарап, табиғаттағы су айналымы қалай жүретінін түсіндіріңдер.
- «Сусыз өмір, тіршілік жоқ» — дегенді дәлелдеу, өз пікірлерін айту.
- Белгілі жазушы, мұғалім Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
«Таза бұлақ» әңгімесін еске түсіру.
Қорытынды шығару. (суды қорғау)
Әуеден жаңбыр жаумаса,
Далада егін болмаса,
Кемелер жүзіп суларда,
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап,
Тіршілік суға тоймаса,
Күніміз не болар еді?
- Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Менің ойымша,өзендер мен көлдердің ….). Қондырғылар орнату қажет.
ІІІ. Ой толғаныс
- Шығармашылық тапсырма «Судың да сұрауы бар » эссе жазу
- «Автордың орындығы»
- Бағалау. Баға қою (смайлики). –Осы сабақтан алған әсерлеріңе қарай белгілі бір түсты таңдап алып, өз есімдеріңді жазып қойыңдар.