y=ax2+bx+c функциясының графигі тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы: |
«Математика пәні бойынша білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы» |
y=ax2+bx+c функциясының графигі тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы | y=ax2+bx+c функциясының графигі | ||
Сілтеме | Алгебра 8 «Б» сынып, А.Әбілқасымова, В.Корчевский, А.Абдиев, З.Жұмағұлова | ||
Жалпы мақсаты | Оқушыларға y=ax2+bx+c функциясының графигін түпкілікті түсіндіріп бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. | ||
Міндеттер | • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру | ||
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету. • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптастыру.
| ||
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері | Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын, «Ортада қаламсап» стратегиясын қолдану. | ||
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, слайд, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар | ||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар y=ax2+bx+c функциясының графигін сызып толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы 5 топқа бөлемін. «Қызыл асық», «Сары асық», «Жасыл асық», «Көк асық», «Қара асық» 2 мин | ||
Қызығушылықты ояту
| «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы 5 мин | ||
Мағынаны тану | «Кең ауқымда қарастыру» стратегиясы.
| ||
Постер қорғау 10 мин
| Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.
| Есептер шығару. 15 мин Деңгейлік тапсырмалар бойынша
| |
Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар постер қорғап тапсырмаларды орындайды.
| |||
Сергіту сәті | Just Dance Kids — The Hamster Dance Song (Wii Rip).mp4 3 мин | ||
Ой толғаныс | «Ортада қаламсап» стратегиясы. 4 мин Ортадан алынған қаламға сол қаламның иесі жауап береді. | ||
Бағалау | «Білім ағашы» қолданылады. Бағалау прақшалары арқылы топ басшысы топты бағалау. Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару. 5мин | ||
Үйге тапсырма | №273, №274 Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу. 30 секунд | ||
Рефлексия | Оқушыларға смайликтер таратамын. Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады. 30 секунд |