Төрт түлік туралы жырлар

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік жайлы, олардың төлдері жайлы мағұлмат беру. Жырлаға тоқталу.

Оқушылардың ой- өрістерін дамыту. Тілдік  қорларын  молайту.

Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, оқулық т.б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

   Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

 

Психологиялық көңіл күйді реттеу.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

 

 

  1. Біз қандай тарауды оқып бастадық?
  2. Атадан қалған асыл мұраға қандай шығармалар жатады?
  3. Осы айтылған шығармалар бізге қалай жеткен?
  4. Аталған шығармалардың қай түрімен таныс болдық?
  5. Төрт түлік түрлерін ата. Қойдың пайдасы туралы не білесің?

 

Үй тапсырмасын тексеру

Торы құлын. (жырды мәнерлеп оқу)

Жылқы малының пайдасы (эссе)

Құлынды сипаттап бер.

    Ребусты шеш    «СИЫР»

Не білеміз?

1.Кімнің үйінде сиыр бар?

2.Сиырдың төлін қалай атайды?

  1. Сиыр қалай дыбыстайды?
  2. Сиырды қалай күтіп баптаймыз?

5.Қой, құлын, сиыр, түйе бір сөбен қалай таймыз?

 

Мақал – мәтелді түсініп оқы

 

Сиырлының үйі- айран,                               Сиырдың сүті- тілінде.

Сиырсыздың үйі- сырдаң.

 

Тапсырма. Жырды түсініп оқы.

СИЫР

Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Керілген желін, сала емшек,

Сауғанда жаның сүйінген.

Ірімшік пенен құрт, майы

Жегенде тілді үйірген.

 

 

Сөздік жұмысы.

Айдай иілген- мүйізі айға ұқсас.

Көкке шүйірген- жоғары көтерген.

Керілген желін, сала емшек- емшегі сүтке толған.

Жаның сүйінген- қуану.

Тілді үйірген- дәмділігі ауыздан кетпес, өте дәмді.

 

Суретпен жұмыс.

Жырға сүйеніп, суреттегі сиырды сипаттап жазып бер.

МҮЙІЗІ …………………………………………………………………….

МҰРНЫН…………………………………………………………………..

ІРІМШІК, ҚҰРТ, МАЙЫ ……………………………………………

 

            Сергіту жаттығуы.

 

 

Сиырдың пайдасы:

Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар:

Сиырдың терісінен жасалатын заттар:

Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар:

 

Сиыр жөнінде не білдіңдер?

 

 

                  СИЫР

 

 

Бағалау. Үйге тапсырма.