Денсаулық— зор байлық
Денсаулық— зор байлық
Максаты: 1) Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және ауырмаудың алдын-алу жолдарын үйрету.
- Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық — денсаулық екендігін түсіндіру.
- Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дүрыс үйымдастыруын қамтамасыз ету.
Көрнекіліктер: Плакаттар, суреттер.
Төмендегі денсаулық туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер плакатқа жазылады.
Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
Денсаулықтың жаңасын
Ақшага қайдан аласың.
Барысы:
Мүғалім:
Қүрметті балалар! Бүгін «Денсаулық — зор байлық» деген тақырыпта төрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Тәрбие сағатымызда өзіміз білетін тақпақтар, өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып, сүрақтарға жауап береміз. Ол үшін ең басты тәртіпті болайық. Балалар, денсаулық деген не, қалай түсінесіңдер?
Дені сау, денсаулығы мықты деп қандай адамдарды айтамыз?Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?
Балалар, «үзақ өмір сүргің келсе — денсаулығыңды күт, спортпен шүғылдан» демекші, бүгінгі тәрбие сағатымызда орыстың елшісі, атақты ғалым П.К.Ивановтың балаларға үсынған 12 нүсқауымен танысамыз. Осы ғалымның қағидаларын дүрыс тындап, ойға тоқып, күнделікті іске асырып отырайық.
1-оқушы:
Шомылайық, кел балалар, Айдын көлде, астауда.
Монша, өзен, суларға бар,
Матып көбік аспанға.
Қайда болсын қашпай түра,
Жуынайык үнемі!
Мөңгі алғыс бізден суға,
Салауаттылық тірегі.
Күніне 2 рет табиғи суға шомыл, жалаң аяқ жерде түрып суды үстіңе ақтара сал, су дененді шынықтырады, бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді үйқыдан оятады. Күш-қуат береді.
2-оқушы:
Суға түсер алдында не одан кейін бір уақыт д&таға шық, жалаң аяқ жүр, қыста қарда жүріп үйрен, таза ауамен демалып ал да, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле!
3-оқушы:
Темекі шекпе, ішімдік ішпе!
Темекі ме, ішімдік пе?
Біз оған қызықпаймыз.
Оған уақыт та жоқ.
Көрініс арқылы оқушыларға темекі мен ішімдіктің зиянды жақтарын түсіндіру.
4-оқушы:
Аптасына 1 тәулік ас-судан бас тарт. Асқазаның демалады. Тамақты уақытымен іш.
5-оқушы:
Шаңғы теуіп, оппа қарда шынығамыз, ойнаймыз,
Қандай жақсы таза ауа демаламыз, тойлаймыз.
Жүгіреміз жалаң аяқ, шынықтырып денені.
Жексенбі күні сағат 12-де далаға шық, таза ауада қыдыр. Таза ауа тәбетіңці ашады. Сосын қалауьщша тамақтан.
6-оқушы:
Бақ көп, тоғай, ормандар,
Бақ боп саған орнаңдар.
Таңғажайып көркейсін,
Табиғатты қорғандар!
Жер-Ана біздің панамыз,
Адамзаттың анасы.
Ол көркейсе өркендеп,
Ол өртенсе жанамыз.
Ендеше, қоршаған табиғатты сүй, аяла! Жерге түкірме, қақырма, қоқыс тастама! Өйткені, бүл сенің денсаулығың.
7-оқушы:
Баталар, үйқыдан түрып жан-жағындағы адамдарды, үлкен кісілерді көргенде не істейсіңдер? Амандасасыңцар. Ендеше, әрқашанда қайда жүрсең де әсіресе, үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле!
8-оқушы:
Жүртқа мүмкіндігіңше көмектес,әсіресе, жалғыз басты, көрі кісілерге, мүгедектерге, кемтарларға. Істеген көмегінді шын ақ көңіліңмен істе. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
9-оқушы:
Қызғаншақ болма! Өз бойындағы жалқаулықты, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста! Адамдарға сен және оларды сүй! Өтірік айтпа! Біреудің әңгімесіне ерме, жаман ойлардан аулақ бол.
10-оқушы:
Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Ауру-сырқау, өлім туралы ойлама. Бүл сенің — жемісің!
11-оқушы:
Бастаған ісінді аяқта! Жақсы оқы. Бір жүмысты бастадың ба, дүрыс аяқтауға тырыс. Ойынды ішіңнен бөлме.
12-оқушы:
Өзің білген, оқығандарыңцы, өз тәжірибелеріңді өзгелерге айт, тарат. Бірақ мақтанба. Қарапайым бол!
Мүғалім:
Міне, балалар неткен керемет нүсқаулар айтып кеткен. Ендеше, ойға тоқыдық па? Тоқысаң іс жүзіне асырайық. Бастаған істі аяқтайық.
Енді назарымызды кішкене жарнамалық үзіліске аударайық.
Жарнамалық үзіліс
.1-оқушы: Егер де күні бойы сергек жүргің келсе, денеңнің сымбатты болғанын, бойыңның үзын болғанын қаласң — салқын сумен жуын, спортпен шүғылдан. Спорт — денсаулық кепілі.
2-оқушы: Егер адамдармен сөйлескенде аузымда жағымсыз иіс болмасын десеңіз, тісіңіздің аппақ күріштей болғанын қаласаңыз, тісім ауырып мазаламасын десеңіз, ертелі-кеш тісіңізді жуып түрыңыз. Балалар тіс пастасы мен тіс щеткасы сіздің мәңгілік достарыңыз болсын!
Көпшілік: Егер бос уақытыңызды дүрыс пайдаланғың келсе, сабақты да оқуға, ойынды да ойнауға, үйге көмектесуге, дүрыс демалуға уақытты үнемдегің келсе, «күн тәртібін» жасап ал. Күн тәртібі бір күнінді тиімді өткізуте бағыт берер көмекшің.
Мүғалім:
Балалар, бәріміз болашақ туралы армандаймыз ба? Елбасымыздың болашаққа байланысты жасаған қандай бағдарламасын білесіндер? Ел болашағы — сендер, жастарсындар. Сондықтан еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты, салауатты азамат болып өссендер, болашақ та жарқын, кемел болмақ.