Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. 417 — 421 жаттығу
Сабақтың мақсаты : Сын есім жайлы білімдерін кеңейту.
Міндеттері :
Білімділігі : Сөйлемдерден сын есімдерді тауып , дұрыс сұрақ қоюға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Тәрбиелігі : Табиғатты қорғауға , әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, « Кім тапқыр » , « Ойлан тап » ойындары
Сабақтың көрнекілігі: кесте , ребус , ойын
Сабақтың барысы
1Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
Амансыңба алтын күн ?
Амансың ба көк аспан ?
Амансыңба достарым ?
Сендерді көрсем қуанам !
Кәне бері қараңдар
Сабақты біз бастайық.
Жаттығуларды қиналмай
Лезде жазып тастайық.
- Яғни , біздер қандай сабақ
Қазақ тілі сабағы
- Міне , балалар біз қазақ тілі сабағымызды бастайық.
Сыныпты жыл мезгіліне қарай топқа бөліп , топ басшыларын айту.
I топ Көктем III топ Күз
II топ Жаз IV топ Қыс
- Үй тапсырмасын сұрау
« Кім көп құрады ? « ойыны
416 — жаттығу “ Ат жарысы ” тақырыбында әңгіме құрап келу.
Топтарға тапсырма беру
I топ Әңгімені оқыту
II топ Іңгімені оқыту
III топ Суретті сипаттау
IV топ Ережені сұрау
- Үй тапсырмасын бекіту.
Суретпен қорытындылау.
Сөз таптарын еске түсріу.
- Сөз таптары нешеге бөлінеді? Оларды ата.
- Зат есімнің жекеше және көпше түріне мысал келтір .
Оқушыларды смайлик арқылы бағалау.
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сын есім. 417 — 421 жаттығу Топтық жұмыс
417 — жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Құшағы кең теңізден ,
Аясында гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген ,
Қымбаттысы қымбаттың —
Анам қандай жақсы адам. ( Әли Ысқақбаев. )
Сын есімдердің астын сызу. Оларға сұрақ қой.
I топ Мәнерлеп оқыту.
II топ Сын есімдерді табу.
III топ Сын есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
IV топ Сын есім қай сөзбен байланысып тұрғанын айтып , сызу.
418 — жаттығу. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.
Үлгі : Жуас ат. Таза бұлақ
I топ таза ……. III топ сұйық …….
II топ биік ……. IV топ жүйрік ……..
Ұзын …….
418 — жаттығу. Ұжымдық жұмыс.
« Кім тапқыр » ойыны
Ребусты шеш. Шешуінднгі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
“ Қалың ”
Биыл қыста қар қалың жауды
I топ Ребусты шеш.
II топ Сөйлем құрау
III топ Тақтаға жаздыру.
IV топ Сын есімді тауып , астын сыз.
IV Сабақты бекіту
« Ойлан тап » ойыны
420 — жаттығу берілген сөздердің сын есім екенін дәлелде.
I топ Адал …… III топ Қең ……
II топ жіңішк е……. IV топ семіз …….
Қандай ? – деген сұраққа жауап береді.
Бұл — сын есім , өйткені
Заттың сапасын білдіреді.
V . Сабақты қортындылау.
Ойын “ Артығын тап ”
Қызыл көк ойнады жақсы ақылды жүгірді
Жасыл сары жаман жалқау
Ережені еске түсіріп айтқызу.
Үйге тапсырма беру. 421 — ЖАТТЫҒУ. Сын есім ережені жаттап келу
Оқушыларды бағалау. Смайлик арқылы бағаланады , мадақтау .
Рефлексия : Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады.