Сын есім
Сабақтың тақырыбы: | Сын есім (412-416-жаттығу) | ||
Сабақтың мақсаты: | Сын есімдерді табу, сұрақ қоя білу. | ||
Сабақтың міндеттері: | 1. Мәтіннен сын есімді табу 2. Зат есімдерге бірнеше сын есім жалғап, сөйлемдер құру. 3. Топта жұмыс жасауға дағдыландыру | ||
Сабақтың түрі: | Аралас сабақ | ||
Сабақтың әдіс-тәсілдері: | Тренинг «Комплименттер». Топқа бөлу(әріптер арқылы). «ЖИГСО» үш қадамды сұхбат. топтастыру. Тақырыптық диктант. | ||
Күтілетін нәтижелер: | 1. Мәтіннен сын есімді таба алады. 2. Зат есімге бірнеше сын есім жалғай алады. | ||
Көренекілігі: | суреттер, ребустар, семантикалық карта,интер.тақта, постер, стикер, маркелер
| ||
Кезеңдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І. Ұйымдастыру кезеңі Псхихологиялық дайындық | Кіріспе: Тренинг: «КОМПЛИМЕНТТЕР»
| А,Ә,Б,В әріптері бойынша топқа бөлініп отырады.
ТАБЫС критерийлерімен танысады. | |
ІІ. Білу:
| үй тапсырмасын сұрау. Табыс критерийлері 1. Сөйлемдер бір-бірімен байланысты болу керек 2. Сын есімдер болу керек 3. Әңгіме мағыналы болу керек 4. Қатесіз, әдемі жазылуы тиіс. «Үш қадамды сұхбат» Сұрақ-жауап | Оқушылар жазып келген жұмыстарын ЖИГСО әдісі бойынша бірін-бірімен сағат тілімен ауыстырады.
.
Әр топ бір-біріне сұрақ қояды. | |
ІІІ. Түсіну | Жаңа сабақ Жұптық жұмыс 412-жаттығу. Әр топқа мәтін беріледі. | Мәтіннен сын есімді табады, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды. Бір -біріне түсіндіреді. | |
Қолдану:
Талдау:
Жинақтау:
Бағалау | Оқулықпен жұмыс 413-жаттығу. Топтастыру (кластер) Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып топтастыру.
көше, көл, жылқы , кесе сергіту сәті:
Топпен жұмыс «Сипатта сырын аш» ойыны 414-жаттығу. Әр топқа бір-бір зат беріледі сол затты жан- жақты сипаттап жазады. .
415-жаттығу. Ребустың шешіміндегі сөз неліктен сын есімге жататынын дәлелдеу. Жеке жұмыс Тақырыптық диктант
| Топтастырып жазады. Дәптерге жазады.
Сергіту сәтін жасайды.
Әр топқа бір-бір зат беріледі сол затты жан- жақты сипаттап жазады. .
Түзу сөзі сын есімге жататынын топта талқылап, дәлелдер, мысалдар келтіреді. Өмірде сын есім қаншалықты керек екен түсіндіріп,пікір алмасады. | |
ІҮ. Бағалау. | Формативті бағалау«Бағдаршам», Бірін – бірі бағалау. Табыс критерийі | ||
Кері байланыс | Стикерге жазады. | ||
Ү. Үйге тапсырма | 416-жаттығу. «Ат жарысы» тақырыбына эссе жазу. 1. 20 сөзден кем болмау | ||