Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сын есім туралы алған ұғымдарын
кеңейту.
- Оқушылардың байқау,бақылау қабілеттерін
арттырып,сөздік қорларын молайту.
3.Оларды адамгершілік қасиеттерге,табиғатты қорғап,
аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым дара тілім
- Балалар, қазір бізде кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі – туған
тіліміз қазақ тілі сабағы.Сөзжұмбақ шешу.
- Қазақтың пулеметші батыр қызының есімі?
- Бейнелеу өнеріндегі жабыстыру тәсілімен жасалатын шығарма?
- Біздің рәміздеріміз
- 100 жыл нені құрайды?
- 1 сағатта неше минут бар?
- Қ.Р – ның бас қаласы?
- Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі?
- Көкжиек тұсын анықтайтын құрал?
- Адам өміріне ең қажет нәрсе?
- Балалар,қызыл жолақшадан шыққан сөзді оқиықшы
- Біздің облысымыз қалай аталады?
2 – 3 оқушыны Маңғыстау туралы сөйлету
- Олай болса,біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ түрінде өтеді. Біз
бүгін Маңғыстау жеріне саяхатқа шығамыз.
- Жетібай кенті – үй тапсырмасы.
396 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып,сын есімді тапқызу. Олардың
қай сөз табымен байланысып тұрғанын табу.
- Қарақия ойысы – көркем жазу.
- Ақтау – 397 – жаттығу.
Тақтаға үш оқушы шығарып,мақалдарды жазып,сын есімдерді табу.Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
- Ақшұқыр – 398 – жаттығу.
Сын есімді қатыстырып,сөйлем құрау.Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау. Сұлу,ауыр,жуан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Кетік – сергіту сәті.
- Шетпе – 399 – жаттығу.
Өлеңді мәнерлетіп оқытып,мағынасын түсіндіру.Сын есімдерді өздеріне қа тысты зат есімдермен бірге көшіріп жазғызу.
- Қорытынды. Бекіту. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 400 – жаттығу. Ереже жаттау