Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есім жайлы түсінік беріп, сөздік қорларын дамыту
Сабақтың міндеттері:
- Заттың сапасын, түрін, түсін анықтау.
- Сұрақ қоя білуге үйрету.
- Бір-бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,«Автор орындығы», топтастыру, «Миға шабуыл»
Сабақтың түрі: аралас
Күтілетін нәтиже:
- Сын есімнің сұрақтарын біледі.
- Заттың түрін, түсін, сапасын аныктайды.
- Сөйлемнен, мәтіннен сын есімді таба алады.
Көренекілігі: суреттер, ребустар, сөз жұмбақтар, постер, стикер, маркелер
І. Ұйымдастыру кезеңі
Псхихологиялық дайындық
Стикерге төмендегі сергіту сәтінің әр жолын жеке –жеке жазып, оқушыларды төрт топқа бөлу.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел есді
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі- әр топ өз жолдарын айтып, сұрақ қояды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
406-жаттығу.
«Қасқыр мен тиін» әңгімесін жалғастырып келу.
Әр топтан бір оқушы шығып «Автор орындығына» отырып оқиды.
«Миға шабуыл»
І – топ.
Е | т | І | С | т | І | К | |||||
Ж | А | л | Қ | Ы | |||||||
Н | Е | ||||||||||
Е | к | І | |||||||||
қ | О | С | ы | М | ш | А | |||||
к | ү | Р | Д | е | Л | І | |||||
к | І | М | |||||||||
- Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрағына жауап беретін сөз таптары.
- Бас әріппен жазылатын зат есімнің түрі
- Зат есімнің сұрағы
- Қосымшаның неше түрі бар?
- Түбір сөзге ….. жалғанады
- Келе жатыр, оқып отыр етістіктің қай түріне жатады?
- Оқушы сөзіне қандай сұрақ қойылады?
ІІ-топ. Ребусты шеш
ІІІ-топ. Сөз жұмбақ
е | К | і | ||||||
З | А | т | ||||||
т | Ү | Б | і | Р | ||||
Қ | О | с | Ы | м | ш | а | ||
л | Е | П | т | І | ||||
м | Ә | Т | і | Н | ||||
к | Ү | р | д | л | і |
- Етістіктің неше түрі бар?
- …тың атын білдіретін сөз
- Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
- Түбір сөзге не жалғанады?
- Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
- Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
- Етістіктің түрі
ІҮ-топ. Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.
46
ІҮ. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.
Сабақтың тақырыбын оқушылар ашады.
Әр топ постерге гүлдің суретін салады. 4 топта қорғайды.
Түрін, түсін, сапасын, көлемін білу үшін біз қандай сөздерді қолдандық.
(Әдемі, үлкен, қызыл, сары, кәшкентай, ақ, ұзын ) енді осы сөздерге сұрақ қойыңдаршы.
- Қандай?
Ережені шығарады. Сұрақтарын қайталайды.
Оқулықпен жұмыс.
407-жаттығу
Әр топ 2 жолдан оқып, сын есімді табады.
408-жаттығуды орындамас бұрын барлығы ортаға шығады.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы
Әр оқушы мақал-мәтелдің жолдарын бір-біртіндеп айтып шығады. Орындарына отырып, дәптерлеріне көшіріп жазады.
409-жаттығу
І-топ. Жуас
ІІ-топ.Қалың
ІІІ-топ.Тегіс
ІҮ-топ.Ірі
сөздерін қатыстырып әр топ сөйлем құрайды.
Дәптерлеріне жазып, топтан бір оқушы оқып береді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
«Сын есімдер ұясы» ойыны
410-жаттығу
Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады.
ҮІ. Бағалау. Кері байланыс
ҮІІ. Үйге тапсырма
411-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрап келу.