Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Сабақтың тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Б/м: Мәтіннің мазмұнын таныстыра отырып, қонаққа
шақырудың себептері туралы және туыстық
қарым – қатынастар, туыстық атаулар жайлы
түсінік беру.
Д/м: Оқушылардың туысқандарға деген мейірімділік
қасиеттерін әңгімелеу, есте сақтау, ойлау
дағдыларын дамыту.
Т/м: Қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтауға, үлкенді,
кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа,
сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, саханалау.
Көрнекілігі: Тірек – сызбалар, мазмұнды суреттер, плакатқа
жазылған сөздер, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық.
Амансың ба, достарым,
Амансыздар ма, қонақтар,
Сабағымызды сыйластықпен бастайық
Жамандықты тастайық.
Көңіл – күйіміз жақсы болса,
Көңілді отырып сабағымызды бастайық.
- Үй тапсырмасы.
4-сынып. Шығарма «Отбасы» туралы.
3-сынып. Қонақжай.
Әр оқушыға сөздер беріледі, әр сөздің
мағынасы ашылып түсіндіріледі.
«Ілтипат, меймандос, қонақжай».
4-сынып. Карточкамен жұмыс.
3-сынып. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында.
Қонақ түрлерін атап көрейік.
Арнайы қонақ Құдайы қонақ Қыдырма қонақ
Арнайы қонақ – дегенді қалай түсінесің? Арнайы қонақ дегеніміз арнайы шақырылады.
Құдайы қонақ – аяқ астынан келген қонақты айтады. Мысалы: Жолаушылар.
Қыдырма қонақ – қыдырып, аңдып жүріп келген қонақ.
- Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз
3-сыныпта: Сыйластыққа себеп көп
4-сыныпта: Туған-туысқандар.
Туған-туысқандардың арасында сыйластық болу керек. Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз бір – бірімен тығыз байланыста болып тұр. Сыйластықтың өзі әдептіліктен, амандықтан басталады. Мына тірек – сызба арқылы сыйластықтың себептеріне тоқталайық.
1) Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру – мұның бәрі өскелең жастардың жаңа отбасын құруына тілектестік білдіреді. Берік шаңырақ, бақытты босаға тілейді.
2) Дастархан тірлігі – қонаққа шақырудың себебі көп. Солардың бірі соғым басынан шақыру, қыстың соғымынан дәм татқызу.
3) Балаға деген сүйіспеншілік – шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, тілашар. Мұның бәрі балаға деген сүйіспеншілік.
Олай болса осы тойларға яғни қонаққа кімдер келеді? Көршілер, ауыл адамдары, туған – туысқандар. Ендеше балалар туған – туысқандардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Туысқандардың ішінде адамның үш жұрты болады. Әр жұртқа жеке тоқталып, оқушыларға түсінік беру.
Үш жұрт
Нағашы жұрты Өз жұрты Қайын жұрты
4) Сергіту сәті: «Қазақтың дастарханы».
Ей менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым
Береке ырыс құтым
Ақ қайнар бастауларым
5) Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту.
6) Ойын: «Жамбы ату білесің бе?» «Жалғасын тауып
көресің бе» атты ойынын ойнаймыз.
Бұл ойынның мақсаты мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
Ата – баланың қорғаны.
Татулық – табылмас бақыт.
Анаға құрмет – Балаға міндет.
Әкеге қарап – ұл өсір.
Шешеге қарап – қыз өсір.
7) Салт – дәстүр.
Қазақтың бірнеше салт дәстүрлері бар. Әр салт – дәстүр туралы оқушыларға жеке түсінік бере отырып, соның ішінде тұсау кесу дәстүрін саханалық көрініс ретінде қою.
8) Қортындылау. Карточкамен жұмыс.
9) Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. «Туған — туысқандар» туралы
шығарма жазып келу.
10) Бағалау.