Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақcаты:
Сын есім туралы түсінік беру, сын есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сөздік қорын грамматикалық сауаттылықтарын арттыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденушілікке, өзара жылдамдыққа, білімге деген құштарлықтарын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, ребус, тапсырмалар, интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
- Балалар сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтімен бастайық.
- Әрбір адам? – Туыс, дос, жұрағат.
- Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.Сәттілік тілеймін.
Бүгін бірнеше топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Топ аттарымен танысайық.
І топ – «Достық». «Дос болайық бәріміз»
ІІ топ – «Бірлік» «Бірлік болмай, тірлік болмас»
ІІІ топ – «Береке» «Берекелі, мерекелі болайық»
Дұрыс, балалар, достықта, бірлікте, өмір сүрейік!
Ой қозғау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Өткенге шолу.
Тез жауап бер.
1.Қандай сөз таптарын білесіңдер?
2.Зат есім дегеніміз не? Ереже, мысал.
3.Зат есім түрлерін ата?
4.Мына сөздерден жалқы есімдерді ата?
Бор, тақта, Ақтау, өрік, Алтынай, кітап, Құлагер, тарақ, Есіл, арба.
5.Кімдер?Нелер? сұрақтары зат есімнің қандай түріне қойылады? Мысал келтір.
6.Барды, ойнады, жазды, қайтып келді деген сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Ол
қандай сөз табы?
7.Дара, күрделі етістік дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ой ашу. Ребус шешу.
,, , ,,, , , ,,, ,,,,
5
С ы н е с і м.
Суретпен жұмыс.
Пішіні қандай? Дәмін қандай?
Жапырағы қандай? Түсі қандай?
Сурет арқылы ереже шығару.
Заттың түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сын есімдерге қандай?; қай?; деген сұрақтар қойылады.Мыс: Дәмі қандай? – Дәмі тәтті.
Түсі қандай? – Түсі – сары.т.б.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
(Дәптерлерін ашқызып, күн тәртібін жазғызу) жұмбақ өлең.
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Жер гүл – шашақ тағады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
Көркем жазу.Кезекті әріп К к
Шуақты көктем келді.
І топ. 1 – жаттығу.
ІІ топ. 2 – жаттығу.
ІІІ топ. 3 – жаттығуларды орындайды. Әр топтың тапсырмаларын тексеру.
Сергіту сәті.
Басымызды иеміз,
Билейміз, күлеміз.
Бір анда, бір мында,
Қарап ал айнала.
Ү.Шығармашылық жұмыс.
«Кім жылдам» ойыны.
І топ: Тірек сөздерден өлең құрастыр, сын есімлердің астын сыз.
Тірек сөздер: күміс, көңілді, көзі, мөлдір.
Көктем қандай ……… ,
………. жаңбыр төгілді.
………… аспан ашылып,
Күннің …………. көрінді.
ІІ топ: Адасқан буыннан сөз құра, бір сөзге сөйлем құрап жаз.
Зылқы, рецет,
Өнліер, анжу,
Асуж, ыққал.
ІІІ топ: Зат есімге байланысты сурет салу.Оған сын есім қатыстырып сөйлем
құрап жаз.
ҮІ. «Қызықты сөйлем» бәйгесі.
Әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталатын сөйлем құрастыру.
І топ. С с с с. Қ қ қ қ.
ІІ топ. Б б б б. Ж ж ж ж.
ІІІ топ.А а а а. К к к к.
Ой толғау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін не үйрендік?
Сын есім |
Сапасы дәмі
Түрі пішіні
Салмағы көлемі
Түсі
- Бүгінгі сабақ бойынша не алдық?
- Білім
- Көңілім қандай?
- Жақсы.
- Қонақтарға не тілейміз?
- Бақыт.
- Не айтамыз?
- Рахмет.
Оқушыларды бағалау.(топ басшылары бағалайды)
Үйге тапсырма беру: 4 – жаттығу. Ереже.