«Сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысы 3 «А» сыныбы
«Сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысы
3 «А» сыныбы
Мақсаты:
- Пәндік тақырыптарды пысықтау;
- Баланың білімін тереңдету арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету, жеке қабілеттерін дамыту;
- Білуге, білімге құштарлығын арттыру;
- Ойын ашық айтуға, дәйекті сөйлеуге жетелеу;
- Баланы дарындылыққа, лидерлікке баулу.
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Өткізілу орны: интерактивті тақтамен жабдықталған кабинет
Барысы:
Армысыздар, жас достар! Тамсандырып өнерін,
Армысыздар, ата-ана. Осы жарыс барысы.
Болашаққа жол бастар Жадыратсын жаныңды
Армысыздар, ұстаздар. Көшбасшылар жарысы.
1 с. Оқуға шақыру
А. Байтұрсынов
… Балалар, бұл жол басы — даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
3 «А» сыныбында өткіізіліп отырған кезекті «Сынып көшбасшысы» интелектуалды білім сайысына қош келдіңіздер!
- Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді өткен жылғы сайысымыздың жеңімпаздарымен таныстырып өтейін
2 сыныпта өткен «Сынып көшбасшысы» сайысының жеңімпазы Көлбаев Диас, алшымбек Аяжан және бас жүлдеге ие болған білімді сайыскеріміз Мырзаханова Айана.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Білімділер елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
- Сайыскерлермен таныстыру:
Олай болса, биылғы жылғы сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
1._______________________________________________
2._______________________________________________
3._______________________________________________
4._______________________________________________
5._______________________________________________
6._______________________________________________
7._______________________________________________
8._______________________________________________
- Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
- І кезең “Бәйге”
- ІІ кезең “Мың бір мақал”
- ІІІ кезең “Өзге тілдің бәрін біл”
- ІҮ кезең “Көкпар”
- Ү кезең “Ойлан, тап”
- Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1._____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
3._____________________________________________________________________________
4._____________________________________________________________________________
Балаларға тілек:
Замана тартып жатыр жаңа істі алға,
Уа, адамдар, думаннан қалыс қалма.
Сұлудан сұлу озар әсемдіктен,
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, — деп білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
І кезең “Бәйге” “Туған жерді, мектебіңді танып біл” Әр дұрыс жауап 10 ұпай
Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады
Сөз мәйегі – мақал. Олай болса балаларды әдемі, өрнекті, мағыналы сөйлеуге үйрететін мақал жарысын бастаймыз.
ІІ кезең “Мың бір мақал” Әр дұрыс жауап 10 ұпай
- Ананың көңілі балада, …
- Қына тасқа бітеді, …
- Досы көпті жау алмайды, …
- Ер жігіт елі үшін туады, …
- Ақыл – тозбайтын тон, …
- Өзге елде сұлтан болғанша, …
- Білекті бірді жығар, …
- Туған жердің күні де ыстық, …
- Еңбектің наны тәтті, …
- Жақсының аты өлмейді, …
- Бірлік болмай, …
- Ердің көркі елімен, …
- Туған жердей жер болмас, …
- Оқу – білім бұлағы, …
- Еңбегің қатты болса, …
- Жақсы — ай мен күндей, …
- Төртеу түгел болса, …
- Ырыс алды — …
- Еңбек етсең ерінбей, …
- Білім қымбат, …
- Отансыз адам — …
- Жақсы туса — ел ырысы, …
- Әдепті бала арлы бала, …
- Үлкенге — құрмет, …
- Жақсыдан үйрен, …
- Қына тасқа бітеді, …
- Ата көрген оқ жонар, …
- Оқусыз білім жоқ, …
- Туған жердің қадірін, …
- Жақсы кісі көпшіл, …
- Бірлігі жоқ ел тозады, …
- Оқусыз білім жоқ, …
- Сулы жер — …
- Жақсы байқап сөйлер, …
- Еңбек ет те, …
- Әдепті бала ата-анасын мақтатар,…
Қазылар алқасына сөз: 2 оқушы шығады
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тііліңді құрметте, — ақын Қадыр Мырзалиев аталарың айтқандай, көп тіл білу бүгінгі күннің талабы.
ІІІ кезең “Өзге тілдің бәрін біл” Әр дұрыс жауап 10 ұпай
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
Бетін қаттап ашады,
Білім нұрын ашады.
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.
Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып.
Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды, тетігін бұрамай.
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жаралап,
Мысықтан қорқады.
Қазылар алқасына сөз: 1 оқушы шығады
ІҮ кезең “Көкпар” Жауаптарына байланысты 100, 200, 300 ұпай
Қазылар алқасына сөз: 1 оқушы шығады
V кезең “Ойлан, тап” Әр дұрыс жауап 10 ұпай
Әділқазыға сөз беріледі.
Көрерменге сұрақтар.
Қызықты тапсырмалар.
- Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада
неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?
- Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы
неше балық болды?
- Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина ,мотоцикл,велосипед)
дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,
велосипед тұр?
Таным. Сіз білесіз бе?
- Тышқан құспайды.
- Жылан естімейді.
- Жираф жүзе алмайды.Тілінің ұзындығы 35 см.
- Шыбынның 5 көзі бар.
- Дельфин көзін ашып ұйықтайды.
- Ұлудың қанының түсі көгілдір.
- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км.
- Кенгуру артқа жүре алмайды.
- Көбелек дәмді аяқтарымен сезеді.
- Мысық қанттың дәмін білмейді.
- Жылқы 1 ай бойы жатпай , тұрып тұра алады.
- Құрбақаның 2600 түрі бар.
- Байғыз көк түсті ажырата алатын жалғыз құс.
- Қолтырауын тілін сыртқа шығара алмайды.
- Ең улы жылан – теңіз кобрасы.
- Сиырда 4 асқазан бар.
- Кірпілер суға батпайды.
- Ақ аюлар солақай.
- Ең жай өсетін тырнақ – бас бармақтың тырнағы, ең жылдам өсетіні – ортан терек тырнағы.
- Қиярдың 96%-ы судан тұрады.
- Көзді жұмбай түшкіру мүмкін емес.
- Лас қар таза қарға қарағанда тез ериді