Полигонның үні мәңгі өшсін!

Тақырыбы: Полигонның  үні мәңгі өшсін!

Мақсаты: Оқушыларға  40 жыл бойы  сыналып келген Семей  ядролық  сынақ  поигонындағы  қатерлі  қару  зардабынан  жазықсыз  жапа  шеккендер жайында ,полигон  сұмдығы жайында әңгімелеу, болашақ ұрпақты қасиетті  ата-баба жерінің мұңын  бөлісуге шақыру,Семей  полигоны- қайғылы  шындық  екенін  ұмытпау.

Көрнекілік:слайд,бейнеролик.

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық  сәт.

Табиғат  туралы  өлең  шумағын  оқу.

 

Табиғаттың  тарылтпасын  мөлдір  кәусар  тынысын,

Пәк  табиғат  жүрегімнің  тамылжыған  жырысың ,

Ей,  адамдар, қалай  ғана  қатыгездік  жасайсың,

Ол  анаң  ғой ,ал  сен , кенже  ұлысың!

 

Бүгінгі  әңгімеміз  табиғаттан  басталмақ. Әуен  тыңдай  отырып,көздерін  жұмып,көз  алдарына  табиғатты  елестету.

1-слайд  «INSERT» стратегиясы

+  -білемін                    ?–білгім  келеді       √ — таныстым,білдім

 Слайд  ( +  -білемін  )

Табиғат  деген  кезде  көз  алдарыңа  не  елестейді?(Оқушылар  жауабын  тыңдау)

-Міне,әсем  табиғатты  суреттеп  бере  алдыңдар.Табиғат  үнемі  осылай  болып  тұра  бере ме?

Зилиһа:  Осы  табиғаттың  адамның  ықпалымен  бұзылуы, яғни  табиғат  байлықтарын  есепсіз  пайдалануы  табиғи  орта  заңдылықтарын  ескермеу  экологиялық  зардаптарға  әкеліп  соқтыруда.  Экология  грек  сөзінен  аударғанда  ел,  қоныс  деген    мағына  білдіреді.

Сайн:  Жер  бетінде  ала  шұбар  дақтар  көп.   Соның  бәрі  де  адам  қолымен  салынған  таңбалар. Сулы- нулы  көкорай  планетаны  талай  ғасыр  мекен  етіп  келген  адамдар  20- ғасырдың  қарсаңында  өзен-көлді  суалтып  қу  тақырға,  жасыл  шалғынды  күйдіріп  -өртеңге ,тау  мен  даланы  тескілеп  апанға  айналдыруда.

Қымбат:        Қазақстанда  экологиялық  зардапқа  душар  болған  аймақтар  бар. Мұндай  аймақтар  ағаштан  ада,  суы  тұзды ,жері  сортаң ,ауасы  лас  болады.

2-слайд . Апатты  аймақтар.

Енді  сол апатты  аймақтарға көз  салайықшы.

Байқоңыр  ғарыш  айлағы,  Балқаш  көлі,  Каспий теңізі, Арал  теңізі, Семей  ядролық  полигоны.(слайдтан  суреттер  көрсету)

?- білгім  келеді

-Неге  олай  болды?  Қай  жерде ?  Табиғат  қалай  тапталды?

Аружан: Адамзатты  ғасырлар  биігіне  алып  шыққан   ғылым  мен  білімнің  жемісі , адам  атаулының  өзін  улап ,оның  өзін  жер-бесіктің  бетінен  типыл  етіп  жойып  жіберуге  әзір  тұр. Енді  тірі  жанға  жойылып  кетудің  қаупі  төнді.  Соның  ең  қатерлісі  ядролық  соғыс  пен  ядролық  қаруды  сынау  болып  отыр.+ слайд (бомба суреті).

Тоғжан :Осындай  жағдай  біздің  елімізде  болған деуге  аузың бармайды. Бұл  жағдай  осыдан 63 жыл бұрын,яғни 1949 жылы 29 маусымда Семей  полигонында  алғаш рет ядролық  қаруды  сынаудан  басталған. Ол  Семей, Қарағанды ,Павлодар  облыстары  түйіскен жерде  орналасқан. Жер  көлемі 8372 км-ді қамтиды.Семей  полигонында 500-ге жуық ,яғни 467 рет ядролық  сынақ  өткізілді.                         

Әрбір  ядролық  сынақтың  құны 30 млн сом болды.

Диас:Қазақ жері,қазақ халқы  қырық  жыл  бойы көз алдында  адам  өмірін жалмап  жатқан  аждаһаны  көре  тұра үнсіз  қасірет  шегумен  келді.Мыңдаған  адамдар кемтар болып қалды,көбі көз жұмды,мыңдаған  сәби  құрбандыққа  айналды.

Мұндай  сұрапыл апатты 1945 жылғы Хиросима  мен  Нагасакидегі адам  қырғынымен ғана  салыстыру  керек.

Балалар,полигон деген сөздің  мағынасы-әскери  жаттығулар, сынаулар  өтетін жер ) дегенді  білдіреді.

Бейнеролик көрсету(полигон,атом  бомбасы туралы)

Жанерке: Ядролық техн-я Семей  жұртшылығына  үлкен қайғы  мен экол-қ күйзеліс ,апат алып келді.Адамдар  ядролық  жарылыстың  құрбандарына  айналды.Полигонда  өткізілген әрбір  сынақтың адам  өміріне  келтіретін зияны  көп  болды. Көп  адамдар  онк-қ  аурудан,тұқым  қуалайтын  сырқаттан  зардап  шегуде.Өмірге  келетін сәбилерде  кемтар  болып туу  жиіледі.

Слайд(кемтар  балалар суретін  көрсету)

Ән:Заман-ай

Ел  осындай  ауыр  қасіретке  шыдамай 40 жылды артқа  тастап,1989 жылы Олжас  Сүлейменов  бастаған «Невада -Семей» азаматтық  қозғалысы  құрылды. Мұндағы  мақсат:ядролық  сынақты  тоқтату  болды.Ел  қолдарына  жазулар  алып, сынақ  жасауға  қарсы  екендіктерін  білдірді.

Слайд(қозғалыс суреттері)+слайд(О.Сүлейменов)

Мадияр:О.Сүлейменов  өмірбаяны

Диас:Невада –АҚШ-ның бір  бірлігінің  аты.Онда АҚШ-ның атом  полигоны  орналасқан.Қоғамның  аты «Невада-Семей» қойылуы  АҚШ-тың да  полигондарын  жабу  мақсатын  көздегенін  көрсетеді.

Мадина:Осы  бүкілхалықтық  қозғалыстың,О.Сүлейменовтың зор  еңбегінің  арқасында 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан  Кеңестік Социалистік Республикасының  Президентінің  «Семей  ядролық  сынақ  полигонын  жабу»туралы №409  жарлығы  шықты.

Бүгінгі  күні оған 20 жыл  толып отыр,бұл біздің тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен  тұспа-тұс келіп отыр.Елбасымыз ядролық  қарусыз  мемлекет  туралы үндеуін әлем халықтарына жария  етті.Елбасымыздың сөздеріне  назар  аударайық.

Тоғжан,Мадияр,Жанерке.

Өлең жолдары:Балғын,Арай,Айым,Ерасыл

Хаттар  сөйлейді:Біржан,Ерсін,Мағжан.

-Б-р,Семей  полигоны  Дегелең тауының жанында орналасқан.

Асқар  Алтайдың  «Дегелеңдегі  жарылыс» әңгімесінен  көрініс.

Би:  От

Венн  диаграммасы  арқылы  салыстыру

Слайд(Дегелең  тауының  бұрынғы-қазіргі жағдайы)

Шығармашылық  жұмыс (өлең  құрастыру)

————————      қорғаймыз,

————————-     болмаймыз

——————————————

————————-     қорғаймыз.

 

Слайд(таныстым,білдім)

Ақниет:    Семей  полигоны  елімізге  үлкен  қасірет  әкелген  екен.

Полигон  қазір ірі  ғылыми-зерттеу  орталығына  айналған.

Жер  туралы  заңда полигон  территориясы  мемлекет  қарамағындағы  жерлердің  қатарына  жатқызылған.Сауықтыруды  қажет  ететін  жерлер  мемлекет,үкімет  тарапынан  бақылауға  алынған.

Ән:Атамекен

Слайд(қазақ  даласы)

Бейнеролик(Шүкір,Алла!)

-Елімізде  мұндай  қайғылы  қасірет  мүлдем  болмасын  деп  тілейік!Полигонның  үні  мәңгі  өшсін!

Бүгінгі  сабағымызды  қорытындылай  келе, мына роликті  сіздер  көре  отырып,заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық, бейбіт  өмір  болсын  деп  тілейміз!Болашағымыз  жарқын  болсын  деп  аяқтамақпыз!Тыңдағандарыңызға  рақмет.