Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сабақтың мақсаты: Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру.
Міндеттері:жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыра білу,қосымшаларды ажырата біліп және дұрыс жалғай білуге баулу, түрлі әдістерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: А-4, макер, карындаш, өшіргіш, оқулық, конверттер, кесте суреттер, интербелсенді тақта.
Әдіс тәсілдері:Дара жұмыс, топпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі: Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатың нақты меңгерді, қолдана алады, біледі. Оқушы өзінің қызметіне анализ жасай алады. Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойланады.Шығармашылық жұмыс жасайды.
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрнекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | 3мин | Сәлеметсіздер ме? Оқушыларды сабаққа жұмылдыру 2 түрті асықты тарату арқылы 2 топқа бөлу, топ басшысын сайлау. | Оқушылар сабаққа дайындалады. 2 топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды. |
Білу | 3 мин | -Зат есім дегеніміз не? -Жалқы есім дегеніміз не? -Жаллпы есім дегеніміз не? | «Миға шабу» стратегиясы арқылы ойларын ортаға салу. |
Түсіну.
| 5мин | -Күн ретін жазу.Көркем жазу. -Суретпен жұмыс. -Ережені оқыту. | Көркем жазу «П» әріпі.Әр суреттегі заттардың саның анықтап олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?Ережені жеке жұппен топпен түсіндіру,жария ету. |
Қолдану | 13мин | 2 топқа 2 конверт беріледі. Тапсырма: 1.Зат есімнің жекеше түрін бір бөлек, көпше түрін бір бөлек бағанға жаз. 2.Көптік жалғауын дұрыс сәйкестендіру. | Оқушылар конверттін ішіндегі зат есімдердің көптік жалғауларын дұрыс сәйкестендіру. |
Сергіту сәті | 2мин | Интербелсенді тақтадағы бейнежаттығуға қарап, көңілді жаттығу жасатамын. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
Талдау | 10мин | 1-топ: Ребусты шешіп, сөйлем құра. 2-топ:Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.Жалқы есімнің астын сыз. | 1. Сөйлем құрау 2. Жалқы жәнежалпы зат есімдерді бөліп жаз. |
Жинақтау. Синтездеу. | 4мин | Тест жазғызу. | Тесті жазу. |
Бағалау | 5мин | Зат есім дегеніміз не? Постер жасайды.Оқушыларға сөз беремін.Жиынтық баға қоямын. | Әр то өз постерлерін тақтаға іліп қорғайды. Өздік бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау, қойылған бағаның себебін айтып түсіндіреді. |
Үйге тапсырма | 346-жаттығу. 5 жолды өлең құрастыру. |