Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Интеллектуалды жарыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік мақсаты: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан – жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.
- Балалар, бүгін біз сендермен «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалды жарыс өткіземіз. Жарысқа 2 топ қатысқалы отыр.
I топ – «Алғырлар»
II топ – «Тапқырлар»
Әділқазылар мүшелерімен жарыс ережесімен таныстыру. Жарыс 8 бөлімнен тұрады.
- Таныстыру
- Жыл он екі ай
- Кім тапқыр?
- Кім жылдам?
- Кім көп біледі?
- Білгенге маржан
- Сын сағаты
- Ұшқыр ой
1 – кезең: «Таныстыру» кезеңі бойынша әр топ басшылары өздерін таныстырып,ұрандарын айтады.
I топтың ұраны:
Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!
II топтың ұраны:
Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,
Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар.
2 – кезең: «Жыл он екі ай» кезеңі бойынша тәулік, ай, жыл, сағатқа байланысты сұрақтар беріледі.
- Түнгі сағат онда 10 – да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағатан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (мүмкін емес)
- Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
- 120 минут неше сағатқа тең? (2 сағат)
- 2 жылда неше ай бар? (24 ай)
- Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2 сағаттан)
- Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.
- Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
- Жамбыл Жабаев қанша жыл өмір сүрген? (100 жыл – 1 ғасыр)
- Жұмбақты шеш:
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ
Бір жағы қара (жыл, ай, күн мен түн)
- 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ерлан неше жаста? (8 жаста)
3 – кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша берілген сөзден жаңа сөз тудырады
Iтопқа : Ботақан – ана, ат, бота, от, ата.
II топқа: Қошақан – шана, қаш, Шоқан, ана, қан, ақ.
4 – кезең: «Кім жылдам?» кезеңі бойынша математика пәнінен сұрақтар қойылады.
- Мен бір сан ойладым, оған 30 – ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым. (50)
- 1 дм – де неше см бар?
- 9 – дан біреуі артық сан?
- 1 бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр?
- 5 ондық пен 7 ондық арасындағы толық ондық?
- Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?
- Ұзындығы 2 см және 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап?
- Айнұрдың 8 жаңғағы бар еді. Біреуін ағасына берген кезде 2 – еуіндеде теңдей болды. Ағасында неше жаңғақ болған еді?
- Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы қалады?
- Әтеш екі аяғымен таразыда тұрса 6 кг, 1 аяғымен тұрса қанша кг болады?
5 – кезең «Кім көп біледі?» кезеңінде мақалдың жалғасын табу.
Өнер алды — ………..
Денсаулық — ………….
Білекті бірді жығар,
………………………………..
Отансыз адам — …………………………..
Білім — өмір ……………………..
Оқусыз білім жоқ,
………………………………………………
6 – кезең «Білгенге маржан» дүниетану пәні бойынша сұрақтар
- Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
- Құлағы үлкен жануар? (піл)
- Ағаш тазалайтын орман дәрігері (тоқылдақ)
- Шөлге шыдамды жануар? (түйе)
- Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кімшалшықта
Бірін – бірі мақұлдап,
Бірін – бірі жақтайды? (бақа)
- Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)
7 – кезең «Сын сағаты» әр топқа сетуациялық сұрақтар қойылады.
I топқа:
Сабақта 2 алып қалдыңдар. Оған ұстазыңда, анаң да қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?
II топқа:
Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйлеріңе не айтасыңдар?
8 – кезең «Ұшқыр ой» ана тілі және қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтар қойылады.
- Үш биді ата? (Төледи, Әйтеке би, Қазыбекби)
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
- Ертегінің қандай түрлері бар? (қиял – ғажайып,)
- Диалог дегеніміз не?
- «Ою» сөзінде қанша әріп, неше дыбыс бар? (2 әріп, 3 дыбыс)
- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
7.Мәтін түрлерін атаңдар? (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
Қорыту
Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену , жалықпау– деп сөз кезегі әділ – қазыларға береміз. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАДАҚТАУ