Тапқыр достар
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
Дамытушылық: Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Тәрбиелік: Білімге деген қызығушылықтарын арттыру:
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Сабақтың жүргізілуі:
1.Кіріспе.
Диас: Хош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Дильназ: Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр.
Диас:Бұл қызықты сайысты жүргізетін біздер,сыныбымыздың көркі болған, сұлу қыздардың бірі: Қаржасбаева Дильназ.
Дильназ: Рахмет, және де сыныбымыздың сегіз қырлы бір сырлы ұлдарымыздың бірі: Сартаев Диас.
Диас Ендеше сайысымызды бастайық!
Дильназ: Олай болса, ортаға тапқыр достарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Диас: Сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы да болуы.
Керек. Мектеп директоры Найманова Айгүл Зейноллақызы.
Дильназ: Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетова Төлеу Танауқызы.
Диас: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шаяхметова Гүлнар Құстаубайқызы.
Дильназ: Дайын болсақ барлығымыз,ойын шартымен танысайық.
Диас: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең «Таныстыру»кезеңі
Дильназ: 2-ші кезең: « Кім тапқыр?»
Диас: 3-ші кезең: « Ойлан тап!»
Дильназ: 4-ші кезең: « Сөз тапқыш»
Диас: 5-ші кезең: « Кім жылдам»
Дильназ: 6—ші кезең: « Өнерлі өрге жүзер!»
Дильназ: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың,
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын-дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі Таныстыруды бастайық.
Диас: Олай болса бұл сайысты бірінші кім болып бастайтынын білу үшін жеребе арқылы анықтап көрейік, ендеше екі топтан бір- бір оқушыдан шығып екі қағаздың бірін тандайсыздар.
Диас: Сонымен сайысымызды бірінші болып «Сұңқар» тобы бастайды.
Диас: Рахмет, «Сұңқар» тобына қол соғып қояиық.
Дильназ: Келесі «Тұлпар» тобы, кезек сіздерге!
Дильназ: Рахмет, « Тұлпар» тобына ду ғол шапалақ.
Диас: Бәрекелді. ал енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа жауап береді деп.шарт бойынша өз әріптеріңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер! «Кім жылдам» кезеңін бастаймыз.
Екі топ өздеріне қандай әріп түскенін айтып шықсын.
Диас: Жарайсыңдар! Ал енді бірінші болып «Сұңқар» тобынан бастайық:
- Кеше қайда болдың?
- Атың кім?
- Қазір қандай сабақ?
- Үстел үстінде не жатыр?
- Жазда не болады?
- Есік қаққан кім?
- Кіммен доссың?
- Қалтаңдағы не?
- Ысқырған кім?
10.Кімді жақсы көресің?
— Жарайсыңдар! «Сұңқар» тобына қол соғып қояйық!
Дильназ: -«Тұлпар» тобы дайын болса, бастайық!
- Немен келдің?
- Ертең қайда барасың?
- Не ұшып бара жатыр?
- Түсіңде не көрдің?
- Ән айтқан кім?
- Қай қалаға бардың?
- Көктемде не болады?
- Сандықта не жатыр?
- Қасыңда кім?
10.Неден қорқасың?
-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар?
Диас: Рахмет достар! Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Экранда бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып,ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер, сол ұпайды қоржындарыңызға саласыздар. Қане «Сұңқар» тобынан бастайық, ойлануға 30 секунд. Сонымен « Ойлан тап кезеңін» бастаймыз.
Дильназ: Жақсы, ал енді достар экранда берілген « Сайқымазақ» атты сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрастырып жазуларың тиіс.Берілетін уақыт 1минут. Ал ендеше 1минут уақыт ішінде қай команда көп сөз жазады екен? Іске сәт! Сонымен « Сөз тапқыш кезеңін» бастаймыз.
Дильназ: Ал енді 1 минут уақыттарын бітті. Ал енді « Сұңқар» тобы жазған сөздерін оқып шықсын!
Дильназ: Жақсы « Сұңқар» тобына қол соғып қояйық.
Диас: Келесі «Тұлпар» тобы өз сөздерін оқып шықсын.
Диас: Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан өттіңіздер,ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 1 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, шештіре алу керек. Әр топқа 2минут уақыт беріледі. Сонымен « Кім жылдам?» сайысын бастаймыз! Бірінші болып « Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз.
Диас: Жақсы, уақыт аяқталды, келесі « Тұлпар» тобын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!
Дильназ:-Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік. Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі — өрге жүзер» дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? Сол топты ду ғол шапалақпен ортаға шақырамыз!
Диас: Қанекей достар шапалағымызды аямаймыз! Келесі топты жақсы көңіл күймен ортаға шақырайық!
Дильназ: — сендерге рахмет! Ал енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік!
Диас:-Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек.
Дильназ:-Сіздер барда, біз де аман боламыз. Көп-көп рахмет!
Диас: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталады.