Ана тілің — арың бұл

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Сабақтың тақырыбы: Ана тілің арың бұл.

Сабақтың мақсаты: Ана тілдің қадір қасиетін оқушыларға

ұғындыру. Тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін  арттыру. Өз Отанын туған жерін, туған тілін  құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Қабырға газеті, нақыл сөздер, шарлар, суреттер .

Сабақтың барысы:

Kipicпe бөлім.

— Балалар, біздің  Отанымыз Отан анамыз Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасының Гимні

Heгізгi бөлім.

Балалар, біздің тіліміз — ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде  жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу-басты парызымыз. Қазак тілінің  құдіреттілігі — оның  орындылығында,  орасан зор байлығында.

«Қазак, болып туғаннан соң бөбегім, Қазақ  болып өлген жақсы түбінде», — деген ақын сөзінен  қуат  ала   отырып,  бабаларымыздан  жол тартқан асыл мұраны сақтап өркеңдете берейік.

Ана тілі — асыл нәрі бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей  анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді туып өскен баламын.

Ән. «Ананың  тілі — аяулы үні» хор.

Балалар, біз бүгінгі сабақта өзіміздің оқып үйренгендерімізді ортаға саламыз. Сендерді орталықтарға бөліп тапсырмалар берген болатынмын. Әр топ өздерінің дайындаған тапсырмаларын ортаға салады.

  1. Әдебиет орталығы.

1- оқушы:          Қуан далам!  Қуанатын күн бүгін!

Cepпiп таста,  Мұңды жүрек түндігін

Tiл туралы заңым енді күшіне

Паш еткендей, Кескен жаңа кіндігін.

2 — оқушы: Қуан бабам!  Қуанатын жөнің бар.

Деген едің, Тіл бар жерде өмір  бар.

Халық жауы атандың — ау сол үшін.

Ғұмырыңда, Құрбан eтіп жолыңда ар.

3 — оқушы: Қуан анам!  Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп,  Кеткен кейде түңіліп.

Ак, сүтіңнен,  Бойга біткен тіліңді

Піp тұтамын, Мен алдыңда иіліп.

Барлығы бастарын иеді.

4 — оқушы:  Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,

Мейлі көктің  ак бұлтына жармастым.

Сонда — дағы сені қалмассың  көкейден,

Сонда — дағы ceнi ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені,

Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі.

Сайрап сөйлеп тұрган жоқ па қазақша,

Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

5 — оқушы:  Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілің  барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бipгe өсемін,

Өшсе тілім мен де бipre өшемін.

Тілсіз хайуан бишара,

Бишараға не шара.

6 — оқушы:  Сарыарқадай даласы бар, Астанадай каласы бар.

Жайнап тұрған бip — Гүлстан,  Туған жерім — Қазақстан!

Үйінен қонақ арылмайтын, Жок, нәрсеге тарылмайтын.

Дарқан мінез кең пейілді, Туған елім — Қазақ елі.

Бабалардан  бұрынғы өткен, Аманат боп бізгe жеткен,

Ұмытылмас ешқашанда, Туған тілім — Қазақ тілі.

Бақыттымын бар әлемде, Yш туған бар бip өзімде.

Мақтанамын, шаттанамын, Жар саламын бар әлемге.

  1. Шығармашылық орталығы.

Қане, балалар үйде жазып келген шығармаларыңды ортаға салыңдар.

  1. Өнер орталығы.
  2. «Отаным» өлеңін айтқызу.
  3. Ғылым орталығы.

Ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне тоқталайық.

  1. Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнepi дертпен тең. (Абай Құнанбаев)
  2. Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті.
  3. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді мәдениетті болсын.

(Ахмет Жұбанов)

  1. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.      (Бауыржан Момышұлы)
  2. Әдебиет орталығы.

Балалар ана тілі туралы қандай мақал – мәтелдер  білесіңдер?

  1. Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер,
  2. Біреудің көзі әдемі, Біреудің cөзi әдемі.
  3. Білгеніңді сөйлеп қал, Білгендерден ғибрат ал.
  4. Үлгілі сөз білмеген, Надандықтың белгісі
  5. Жүзден бipey шешен, Мыңнан бipey көсем.
  6. Қызыл тілдің қадірін, Тоқтағанда білесің.
  7. Өтipiк сөз өрге баспас,
  8. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
  9. Өнер алды – қызыл тіл.
  10. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.
  11. «Өнер» орталығы.

Kөpiніc. «Ана – тілің арың бұл»

  1. Шығармашылық орталығы.

Оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып береді

7- оқушы: Бесікте жатқанымнан, Ана тілін үйрендім.

Сол арқылы бой жазып,  Азамат боп өсіппін.

8 — оқушы: Ана тілім менің, Асыл қазынам менің.

Ана тілім менің, Шырқар әнім менің.

Құрметтеймін ceнi, Анамдай сыйлап.

Аялаймын сені, Өcipген гүлімдей.

9 — оқушы: Ана тілін үйреніп,  Оқып білiм аламын.

Ана тілім айбыным,  Ана тілім ай күнім.

10 — оқушы: Ана тілім дана тілім, Қазақ тілім бал тілім.

Құрмет  тұтып ceнi мен,  Аялаймын әрқашан.

  1. Өнер орталығы.

Ән «Түркістан».

Би «Шаттық» биі.

  1. Ғылым орталығы.

Ал, балалар, ғылым орталығына қорытынды сөзді берейік.

Қазақ тілі — мемлекеттік тіл.  Сондықтан қазақ тілін құрметтейік.

Өзге тілдің — бәрін білсең де, Өз тіліңді құрметте.

Бiз, оқушылар, өз ана тілімізді байытып, оны өзге ұлт  өкілдеріне үлгі етуіміз керек.

Қазақ тілі – ұлттың  жаны, Қаны деп ойлаймын!

  • Балалар, ана тіліміз үшін күрес — болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді
  • Ерлік пен елдікті мұра тұтқандар саған қол көтермек емес.
  • Жылдар, ғасырлар мен замандардың ұйытқып соққан желі сенің іргетасыңды ешқашан шайқалтпайды.
  • Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі — қазақ тілі.

Хор: «Менің  Қазақстаным».

Математикалық сыныптан тыс  сабақ

Тақырыбы:  Білекті бірді жығар,  Білімді мыңды жығар.

Мақсаты: а) Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын

оята отырып есептер шығару.

ә) Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын  кеңейту.

б) Тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ребус, видеопроектр, электронды оқулық,компютер, тест,                                      мақал мәтелдер.

Сабақ түрі:  жарыс сабақ

Сабақ әдісі:  сұрақ – жауап

Жаңа технология: «Тәй – тәй» бағдарламасы, топтастыру.

Барысы: І. Ұйымдастыру

                 ІІ. Психологиялық дайындық

  • Балалар бүгін қай күн?
  • Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?
  • Желтоқсан айының 1 күні қандай мерекені тойладық ?
  • Тағы қандай мерекелер бар?

16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне»арнап тілек айтқызу.

Үй тапсырмасы:

Ғұлама ақын жазушылардың математика туралы сөздерін айтқызу

  1. Әлем математика тілімен бейнеленген (Галилей)
  2. Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге (Абай)
  3. Білмегенді сұрап үйренген – ғалым.

Арланып сұрамаған өзіне залым

  1. Ғаламдағылардың барлығы математика заңдарына бағындырылған

(Галилей)

  1. Білім – адам баласының ортақ қазынасы (Жүсіп Баласұғұн)
  2. Білімді адамдар – бұл XXI – ғасырда адамзат дамуының негізгі күші

(Н.Назарбаев)

  1. Ғылым халыққа пайдасын тигізсе ғана қызықты (Ломоносов)

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу

,,,,,,                   ,,           ,,,            ,,                                ,,,         ,,,,,

 

,,,,,

 

 

Сайыс шарттарын таныстыру

  1. Амандасу рәсімі
  2. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
  3. «Ойлан тап»
  4. «Кім жүйрік»?
  5. «Мақал – сөздің мәйегі» сайысы
  6. Тест тапсырмалары.
  7. Топбасшылар сайысы.

1 – сайыс  «Амандасу рәсімі»

  1. «Тапқырлар» тобы

Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

                Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

Тапқырлар тобынан қарсылас топтарға сәлім!

  1. Алғырлар тобы

Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,  Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.

      Сәлемдесу:  Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Алғырлар тобынан қарсылас топтарға сәлем!

2 сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бұл сайыста оқушылар берілген мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің құрылуына байланысты ұпайлар берілген сол ұпай бойынша жауап береміз.

10 ұпайдың сұрақтары:

  1. Бірінші үйде 30 адам, ал екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық тұрады? Екінші үйде неше адам тұрады. (50)
  2. Аулада 16 ер бала, олардан 6 – уы кем қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр? (10)

20 ұпайдың сұрақтары:

  1. Марат 15 сөз жазу керек болды ол 7 сөзді жазып қойды Марат енді

неше сөз жазуы керек? (8)

  1. Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.

Асханада неше литр сүт болған? (14)

30  ұпайдың сұрақтары:

  1. Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше кап жарма қалды? (60 + 30 – 20 = 70)

2.Дүкенге 20 жәшік кияр және 30 жәшік қызанақ әкелінді. Және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде неше жәшік көкөніс бар?

(20 + 30 + 40 = 90)

3 сайыс : «Ойлан тап» сайысында оқушылар қосуды меңзер бойынша                                   тапсырмалар орындайды.

 

Жанкүйерлерге логикалық есептер беру (ауызша)

  1. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
  2. Үш қойдың аяғы қанша?     (12)
  3. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
  4. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
  5. Қай кезде қолы суға кесіп алуға болады? (мұз болғанда)
  6. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан ойнады (2 сағат)
  7. Бір үйдің 20 тауығы және одан 2 – еуі артық үйрегі бар бүл үйде қанша үйрек бар? (22)
  8. Асқар Алтынайдың ағасы. Алтынай Арманның шешесі. Асқар Арманға кім болады. (нағашысы)

4 сайыс : «Кім жүйрік» байқауы

Электронды оқулықтан геометриялық фигураларды тапқызу.

1 топ:

 

 

 

2-топ:

 

 

 

 

 5- сайыс: «Мақал – сөздің мәйегі» байқауы.  Бұл байқауда 2 топ саны бар мақал – мәтелдер айтып жарысады?

6 сайыс: Тест сұрақтары. Электронды оқулықтан тест тапсырмаларын беру.

  7 сайыс : «Топ басшылар» сайысы

1.оқушы:                                                                   2.оқушы:

 

1.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

2.Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)

3.Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

4.10 см де неше дм бар? (1 дм)

5.Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

6.Аспанда неше күн бар? (1)

7.Адам қолында неше саусақ бар? (10)

8.2 ондық 8 бірлік? (28)

9.6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)

10.Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады?

(тік төртбұрыш)

1.Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

2.Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)

3.1 сағатта неше минут бар? (60)

4.1 м – де неше см бар? (100)

  1. Шаршының неше бұрышы бар? (4)

6.Адамда қанша көз бар? (2)

7.Аспанда неше ай бар? (1)

8.9 ондық 5 бірлік?  (95)

9.4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)

10.Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының ………. (мәні өзгермейді)

 

Қорытынды.

Әділқазылар алқасына сөз