Ұстазым — ұлағатым
Тәрбие сағаты Ұстазым — ұлағатым
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.
Көрнекілігі: Тақырып, ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым — ұлағатым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ұстаз еңбегі- ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абай атамыздың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, — деп айтуында терең мағына жатыр.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар – бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады.
“Ұстаз”- деген ардақты, киелі үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін.
“Білім” атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.
Егер әр адамның жүрегңнде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә?!
Тақпақтар:
Шұғыла. 1-оқушы: Білім берген баршаға,
Ұстаздарым, шаршама.
Сіздерге тілек тілейтін,
Шәкірттерің қаншама.
Дамир. 2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Ботагөз. 3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Гауһар. 4-оқушы: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.
Жанарыс. 5-оқушы: Ақыл құйған санама,
Жеткізер ол данаға.
Білім берген біздерге,
Алғыс айтамыз сіздерге.
Хормен: Ұстаздарға мың алғыс!
Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу — парызымыз. Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Ән: «Ұстазым».
- Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Қ-сы.
Ұстазым ақылшы дос
Ой арманым,
Арналсын саған осы,
Аяулы әнім.
- Өзіңмен оянған үміт арман,
Ұстазым бір сені ұмыт алман.
Үйретем деп, өмірдің парасатын,
Ағарды ғой мен үшін қара шашың.
Қ-сы.
Ұстазым ақылшы дос
Ой арманым,
Арналсын саған осы,
Аяулы әнім.
Тақпақтар:
Нұртілек. 6-оқушы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Жәнібек. 7-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Б.Дильназ. 8-оқушы: Ұстаз деген анаңдай,
Ұрыспайды тым қатты.
Білсін деген ақылын.
Мейіріммен тыңдатты.
Сализа. 9-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің сіздерге.
Расул. 10-оқушы: Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.
Мұғалім: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Би: Гауһар «Үнді».
Тақпақтар:
Аятхан. 11-оқушы: Ұстаз деп сені білемін,
Ұстаз деп сені сүйемін.
Әріп танытып, оқуды,
Үйреткен маған сен едің.
Мейрамбек. 12-оқушы: Ұлықты ұғындырып,
Білім берген ұстазым.
Жақсылықтың сырын ұғып,
Келеді сізге ұқсағым.
Назерке. 13-оқушы: Әрбір күнін шәкіртіне арнайды,
Өнер білім үйретуден талмайды.
Жақсы ісімен үлгі болып біздерге,
Бойымызға ізгілікті жинайды.
Томирис. 14-оқушы: Ұстаз деген екінші анаң, ақылшың,
Ұстаз деген әр балаға жақын шың.
Бала кезден үйретем деп білімді,
Өткіздіңіз-ау талай мәңгі асыл күн.
Хормен. Ән: «Отан»
Гүлназ. 15-оқушы: Көтеріп жүктің салмағын,
Жолыңда өмір талмадың.
. Мейірің қандай шуақты,
Ұстазым асыл арманым.
И.Дильназ. 16-оқушы: Әні сізге қалықтай,
Қияменен шарықтай,
Құттықтаймыз дәл бүгін.
Мерекемен шарықтай.
Мирас. 17-оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны бала – қамы.
Баладан ұстазыма мың сан алғыс,
Өйткені ұстазымның ақ арманы.
Ескендір. 18-оқушы: Ұстазымды әрқашан мен мақтаймын,
Сол үшін оқып тыным таппаймын.
Ер жеткенде ұстазым еңбегіңді,
Анашымның ақ сүтіндей ақтаймын.
Би: Сализа «Тәжік».
Мұғалім: Фото бойынша сұрақ. «Қандай қызық оқушылық — алтын шақ»
- Өз анасын табу;
- Бұл қай кезде түскен фото сурет;
Демек сендердіңде ата-аналарыңыз сіздер сияқты оқушы болған. Олардыңда ұстазы бар. Олай болса ата-аналарыңыз өз ұстаздарына деген шын жүректен сөздерін тыңдайық.
Ата-аналарға топтық тапсырма:
- Алғашқы ұстазыма хат.
- Оқушылық кездегі қызықты оқиғаларын баяндау.
III. Өзіңіз жақсы көрген ұстазыңыз туралы эссе жазып келу
Ән: «Ұстазым менің». Хормен ата-аналар.
Қорытынды: О, ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.
Ұстаздар: Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел иелігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!
Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.