Компьютер жанындағы жанжал

Сабақтың тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал.

Мақсаты:

а/Оқушыларға компьютер туралы түсінік беру. Ннтернет жүйесіне қосылу тәсілдерінен   мағлұмат беру.

ә/ Оқушыларды адамгаршілікке, техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

б/ Оқушылардың ойлау, сөйлеу, жаңалықтарды талдай, тыңдай білу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, кіріктірілген сабақ.

Сабақта қолданатын технология: сыни тұрғысынан ойлау

Әдісі: топтық, сұрақ-жауап, салыстыру. Т-кестесін толтыру

Сабақтың барысы:

ІҚызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасы  бойынша сұрақтар.

  1. Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
  2. Арыстан тышқанды не үшін өлтірмекші болды?
  3. Тышқан қалайша өлімнен құтылмақ болды?
  4. Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
  5. Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап береміз.

  1. Сенің үйіңде компьютер бар ма?
  2. Сен компьютерді толық меңгергенсің бе?
  3. Күніне компьютер алдында неше сағат отырасың?
  4. Компьютер алдында ұзақ отыру денсаулыққа зиян келтіре ме?
  • Осы сұрақтарға бүгінгі сабақ барысында тағы да тереңірек тоқталамыз. Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болуы мүмкін? /компьютер/
  • Компьютер туралы не білетінімізді толтырайық.
БілемінБілгім келедіҮйрендім
   

Кестесін толтыру.

Мағынаны тану. Дәптерге күннің жадын, тақырыпты   жазу.

Автормен таныстыру.

Нұрдаулет Ақыш-1950 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай   ауданында дүниеге келген.

Мәтінді оқып танысу.

Бөліктерге бөліп оқу.

Мәтін бойынша сұрақ қою.

  1. Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
  2. Әңгімеге кімдер қатысады?
  3. Балалар компьютерде қандай ойын ойнамақ болды?
  4. Олардың ойындары неліктен үзілді?
  5. Мәтіннен интернет туралы не ұқтың?
  • Енді тағы да толығырақ интернет желісі туралы информатика пәні мұғалімі Гүлмира Бисенқызы түсіндіріп кетеді. / пайдасы, зияны туралы айту/

Сөздікпен жұмыс.

Интернет- әр түрлі ақпарат алуға арналған компьютерлік жалпы желі.

Тәжікелесу- айтысу.

Сергіту сәті.

Интернет желісінен көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бірақ мен бүгінгі сабаққа қажет деген 5 түрін алдым. Сіздерге мынындай сұрақ:

  • Қазір өзіңді ғаламтор жүйесіне қосылып отырмын деп ойла, қандай мәліметтер алар едің, не таңдар едің?
  1. Жақсы әуен.
  2. Ойын
  3. Ертңгі сабағыңа қажетті мәлімет.
  4. Өнер адамдарының фотосуреттері.
  5. Елімізде болып жатқан жаңалықтар.

/ таңдаған мәліметтердің тұсына барып тұрады, неліктен таңдағанын қорғайды/

Топтық жұмыс.

1 топ. Мәтінді рольге бөліп оқу. Мәтіндегі Америка, Канада елдері туралы   мәлімет    жинақтап   айту.

2 топ. Компьютерге қатысты сөздерді дәптерге жазу. Мәтіндегі кейіпкерлерге   мінездеме   беру.

 3 топ. Интернет дегеніміз не? Интернет туралы мағлұмат беру.

ІІІ.   Толғаныс сәті.

«Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген сұраққа пікірталас. /әр топ өзіне берілген аргументтерін қорғау керек/

ІV. Қорытынды.

  • Яғни ортақ қорытынды компьютердің пайдасы мен зияны бар екен.
ПайдасыЗияны
  

 

Кестені толытру..

Бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу. Интернет желі жөнінде мәлімет оқып   келу.

 

 

Сабақты дайындаған:Таудаева Алма Салаққызы

Ақжайық ауданы, Сарытоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.