Тәуелсіздік таңы атты

 Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атты»

Сабақтың мақсаты:

1 Білімділік.   Оқушыларға  Отанымызды, Елбасымызды , Мемлекетіміздің тәуелсіздігін құрметтеуге, потриотизмге тәрбиелеу. Оқушылардың білімді, жан-жақты болуға үйрету, білуге қызығушылықтарын арттыру. Білімді , дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Барысы:

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Тәуелсіздік таңы атты » тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер!

 

  • слайд

Әнұраным

Жан ұраным

Айтар әнім

Сөйлер сөзі

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны

ҚР әнұраны орындалады.

 

2-слайд

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы,

Өздеріңдей ар- намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

 

Кіріспе.

Бүгінгі тәрбие сағатында біз өткен тарихымызды еске алып, болашағымызға ой тастаймыз. Тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр екенін мойындайсың. Жүгі нарда қазаны теңде болады.Көшіп қонып өмір сүрген ата-бабамыз қасиетті 4 нәрсені бой тұмардай сақтап қадірлеген:

 

3-слайд

  1. Туған ел
  2. Туған тіл
  3. Туған салт-дәстүр
  4. Туған ел

 

Отан сөзін топтастыру:

 

Халқымыз тәуелсіз болуды қаншама жылдар бойы армандаған Тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ.Бұған куә дүниені дүр сілкіндірген1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің жүрегіне жара салмады?! Он екіде  бір гүлі ашылмаған қыршын кеткен Асанова Ләззаттың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхаметжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың, аңсаған армандары мен үміт- тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

  Көрініс Желтоқсан күндерінен.

 

Қайраттың сөзі:

“Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар”

 

Ән шырқалады : «Желтоқсан желі»

 Мұғалім: 

Нашақор деп, ұлтшыл деп.

 Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бүл күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Оқушы:

 Қасқалдақ ұшты көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Оқушы:

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кетекн күн

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

 «Тәуелсіздік таңы атты»   Тәуелсіздік сөзін топтастыру:

Ән шырқалады:  «Балдырған»

1991 жылы 16- желтоқсанда ҚР өз тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

 Егеменді ел болды.

Төл теңгесін шығарды.

Ата заңы  қабылданды.

Мемлекеттік рәміздер белгіленді.

  Біздің ту.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

   Елтаңба .

Құтты  береке шақырдық

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Ән  шырқалады: «Жаса Қазақстан»

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Ән шырқалады: «Ақ көгершін»

 Қорытынды.