Тәуелсіз елім – тірегім
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім
Сабақтың мақсаты: : Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық
нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық
қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап
оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын,
көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
-Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіз елім – тірегім» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!
— 16 желтоқсан қандай күн?
— Тәуелсіздікті қашан , қай күні алдық?
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік алғанымызға 21жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Себептер
1.Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы
- Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Ендеше, осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.
- Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
- Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Жер бетінде қанша ел болса, сонша ту бар. Олар бір-біріне ұксамайтын алуан түрлі болып келеді. Әр тудың өз тағдыры бар. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда күшіне енді. Біздің туымыз-көгілдір көк түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, аман-есендікті көрсетеді. Күн бетіндегі қалықтаған қыран тыныштықтың, баянды өмірдің белгісін білдіреді. Ою-өрнек – қазақ халқының ұлттық нақышын аңғартады. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбамыздың авторлары белгілі сәулетшілер Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков ағаларымыз. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
— Республикамыздың мемлекеттік әнұраны — 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
· 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
· 1995 жыл 30 — тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
· 1996 жыл 30 — қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті.
· 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі” деп көрсетілген.
· 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. - Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, — деп сайысымызды бастаймыз.
— Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар .
( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)
Ендеше , балалар бүгін біз осы туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
- Сайыскерлер өздерін таныстыру.
- Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру.
- Бұл қай ғимарат?
- Мәнерлеп оқу
- Қабырға газетін қорғау.
- Ұйқасын тап.
-Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.
— Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
- Әр топ өздерін таныстару.
- «Кім көп біледі?» бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
- Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрнісі?
- Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
- 16-желтоқсан қандай күн?
- Тудың авторын атаңыз.
- Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?
- Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды?
- Елтаңбаның авторы кім?
- Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
- Қазақстан Республикасыныңтөл теңгесі қашан айналымға шықты?
- «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан кімдерді білесің?
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)
- Бұл қай ғимарат?
- Хан шатыры –
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
- Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)
Ән тыңдау: Десантшылар ( 2 ұпай)
- Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай— деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.
Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел ( қосымша 2ұпай)
- Қабырға газетін қорғау.
- Ұйқасын тап.
1-топ:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
2-топ: Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.
Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:
- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.
- Ал, балалар, тәуелсіздік туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқақтай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!