Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Таулы  жер  өсімдіктері  мен  жануарлары

Сабақтың  мақсаты: 1) Таулы  жердің  ауа  райы,  ондағы  өсетін  өсімдіктермен

жануарлар  туралы  мағлұмат  беру;

2) Теориялық  ойын,  сөйлеу  тілін,  сөздік  қорын  дамыту.

Сабақтың  міндеті: Б: Таулы  жер  өсімдіктері мен  жануарлары  туралы  толық

білім беру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың  ойлау қабілеттерін  дамыту, сыни тұрғыдан

ойлауға  жетелеу.

Т:  Оқушыларды  табиғаттағы  өсімдіктер  мен жануарлардың  маңызын ескере

отырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

 

Оқытудың  нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып  жөнінде  түсінік  қалыптасады.
  2. Берілген тақырыптың  мағынасы мен  мазмұнын  түсінеді.
  3. Өз ойын  ашық  жеткізу  арқылы  берілген  тапсырмаларды  орындай  алады.
  4. Оқушы өз ойын  еркін, сыни  тұрғыдан  ойлай  отырып  жеткізе  және  талдай  алады.

 

Қамтылатын  модульдер:

  1 – модуль: оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсіл  (жеке  жұмыс, топтық  жұмыс).

  2 – модуль: сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету. Ассоциация (INSERT түртіп

алу,ЖИГСО – 1,2 мозайка құрастыру  стратегиясы);

 3 – модуль:бағалау;

4 – модуль: АКТ  пайдалану  (электрондық, оқулық):

     7 – модуль:көшбасшылық (топты  басқару және  барлық  сабақтарда

белсенділікпен  қатысып отыру):

 

Қадамдар: 1. Үйге  тапсырмасын  тексеру.

  1. Интерактивті тақтамен  жұмыс.

3.Топпен  жұмыс.

4.Рефлексия

5.Бағалау

Сабақ  барысы:

Мұғалімнің  іс – әрекеті:

1.Ұйымдастыру.

2.Оқушының  зейінін сабаққа аудару

3.Топқа  бөлу

4.Деңгейлік тапсырмалар

Оқушының  іс – әрекеті:

Үй  тапсырмасын  тексеру

Блум  оқу  ойыны

1.Шындық   (Үй тапсырмасын  сұрау) 1 + сұрақ  шындық

2 + сұрақ  жалған.

 

Тест.

(Оқушылар  дұрыс  жауапты  белгілеп көрсетеді)

Жұппен  ауысып  тексереді.

1 – топ: Су  қоймаларының  қандай  түрлері  бар.

 

2 – топ: Су  жағалауында  су  ішінде  өсетін  өсімдіктер.

 

3 – топ: Тіршілігі  сумен  байланысты  жануарлар  және  жәндіктер.

 

Үйге: Су  қоймасы  өсімдіктері, жануарлары  және  оларды  қорғау  тапсырмасы  берілген. ) Әр  топтың  оқушылары  өз  рефераттарын  қорғап, салған өсімдігі мен  жануарлары  туралы  сипаттап  әңгімелейді).

 

Жаңа  сабаққа  бағыттау.

  1. Фотолар (видеоролик)

(тақырыпқа  байланысты  сұрақтар)

Әр  топқа  бірнеше  құбылыстардың  фотосы беріледі, қысқаша  сипаттап  беру, тапсырылды.

  1. Дәлелдеу. (Жаңа сабақ)

— Балалар, картаға  назар  аударсақ, қызы  түспен  боялған  қандай  жерлер?

— Қызыл  түспен  боялған  жерлер таулы  жерлер.Тау дегеніміз не?

(Тау – жер  бетінің  ерекше  биік  тұстары)

Күннің  жады  мен  сабақтың  тақырыбы  жазылады. Дәптермен  жұмыс.

 

4.Таңдау: мәтінмен  жұмыс.

Әр топ  басшысы  өздеріне  мәтін  таңдап алады.

Оқулықпен  жұмыс. (тізбектеп  оқу)

«Өз  тобыңды  таныстыр»  айдары

Топтық  тапсырма:

1.Таулы  жер  табиғаты

Таулы  жер  өсімдіктері

Таулы  жер  жануарлары

(Постер  қорғалады)

    (Топ  бір  — бірін  бағалайды)

 

Сергіту  сәті:

«Газет» шығару  және  галереяға  саяхат  әдісі:

 

«Туған  жерге – туыңды тік» айдары.

1.Өзің  тұратын  өлкеде  өлкенің  климаты  қандай?

 

2.Өзің  тұратын  өлкеде  қандай  өсімдіктер  тіршілік  етеді?

 

3.Өзің  тұратын  өлкеде  қандай  жануарлар  мекендейді?

 

5.Тақырыптық  түйінді  сөздер.

  Рефлексия. Не білдім? Не  білемін? Не үйрендім  сұрақтары  арқылы

топтар  мақал – мәтелдер  өлең  жолдарын  құрастырып  ой  толғау

жазады).

 

Бағалау.Оқушылар  бірін – бірі  бағалайды. Бағалау  парағын  үлестіреді.

 

Үйге  тапсырма:  Таулы  жер  өсімдіктері және  жануарлары  жайлы  тың деректер жинау. Тест тапсырмаларын құрастыру.