Су-тіршілік нәрі

Тақырыбы: Су-тіршілік нәрі

Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:  1.Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді. 2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. 3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді

 

Сабақ әдісі: СТО стратегиялары , ассоциация құрастыру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, кері байланыс, бағалау

Ресурстары: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар ,тәжірбиеге қажетті заттар, жұлдызшалар , слайдтар, кеспе қағаздар т.б.

 

1.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу

 

 Психологиялық дайындық

Айдай арайлап, Күндей күлімдеп,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз -Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.

 

1-топ «Су»,   2-топ «Бу» , 3-топ «Мұз»      

Топ  басшыларын  сайлау

 

Қызығушылықты ояту  Жұмбақ жасыру.


  1. Аяқсыз — ақ жорғалайды, жүреді.
    Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
    Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
    Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
    (Су)
    Яғни, бүгінгі сабағымызды су тақырыбына арнаймыз.

 

  1. Қыста шыны боп қатады,
    Жылыда су боп жатады..
    (Мұз).
    3. Көзге көрінгенмен
    Ұстасаң қолға ілінбейді.
    (Бу.)

—                     Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су – тіршілік нәрі» деп аталады. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.

         Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, — дейді.

 

Кіріспе әңгіме

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

Су- тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды

 

Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз.Ал енді өздерінің су туралы не білетіндеріңді сұрайын

Су дегенде ойларыңа не келеді?

 

Ассоциация құрастыру          Су

 

2.Су туралы мәліметтер айту

 

Өздерінің су туралы білетіндіктерін сұрайын:

 

Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ

 

Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

 

 

Cу тіршілік нәрі.. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет. 

 

 

Су-Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады,

Шлактарды тазалап,азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады,

 

Су- ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.

 

 

Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.

 

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.

 

. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
 

Жер бетінде ең көп тараған зат — су. Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол — су, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар.

 

Топпен жұмыс

 

1-Топ Су туралы өлең шумақтарын айту

Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың

 
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
2-топ  Су туралы мақал- мәтелдер айту

 

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.

Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.

Су — ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
— Сулы жер – нулы жер.

Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
— Су тіршілік көзі.

Бұлақ көрсең көзін аш

 

.Судың да сұрауы бар

Сыйлап берген су да тәтті

 

 

.Су қадірін шөлдеген білер

Жол қадірін жүрген білер

 

Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар

 

Тау мен тасты су бұзар, адам арасын сөз бұзар

 

Суға кеткен тал қармайды

 

3- топ Су туралы тыйым сөздер айту

 

Суды бекер ағызба

Түнде су алуға барма

 

 

Суды лайлама

Бұлақты былғама

 

 

Ағынды суға кір жума

Судың бетін ашық қалдырма

 

 

Суды сапырма, суды сатпа

Лас су төккен жерді баспа

 

 

Түнде су төкпе

Су ішкен құдығыңа түкірме

Суды ысырап етпе, үнемде

 

 

 

 

 

Тәжірибе көрсету

 

1-Топ

Тәжірбие арқылы көрсету.

Суда еритін заттар І топ көрсетеді 1.Суға қант салу Қант суда еріп кетті.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды.Қант суда жақсы ериді.

  1. Суға тұз салып арластыру.Тұз суда еріді.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

 

 2- топ

Суда ерімейтін заттар 1.Суға құм салып араластыру .Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбіне шөгеді.Құм суда ерімейді.

 

 3-топ.Стакандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады.Суды біраз тұндырсаң, саз түбінде шөгеді. Саз суда ерімейді.

 

 

Өздері қорытындылайды, ой түйеді

 

Топпен жұмыс

1-топ Судың қасиеті қандай ?

 

Түссіз, сұйық, мөлдір, дәмсіз, иісі жоқ, пішіні жоқ, еріткіш, жұққыш

 

2-топ Судың пайдасы

 

Адам,жануарлар, өсімдіктер  ішеді, бақша суарамыз, емдейміз, құрылысқа керек, электр тогын аламыз, үй жылытамыз, көлік жуамыз, шөлді басады

 

3-топ Судың зияны

Жаңбыр Үйді бұзады, топырақты шаяды, әртүрлі қоспалар бар, адамды батырады, тамақты ауыртады

 

 

Қазақ ырымында түнде су алуға тиым салынған. Қажет жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұраған:
Су атасы — Сүлеймен
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым.

 

Слайдтармен жұмыс жасап отыру. Сусын түрлері қандай?

Пепси кола, Сарыағаш минералды суы, шырын т.б, Салыстыру.Қорытынды түю

Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті

 

Рефлексия.Не білдік? Не үйрендік?

Жұлдызшалармен бағалау. Өзара бағалау